Гостиницы в Алматы
2017-08-11 15:32:51 103 0

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ГРАН-ПРИ ЖЕҢІП АЛДЫ

Алматылық оқушылар Силикон алқабында өткен Technovation дүниежүзілік саммитінде бас жүлде алды. АҚШ мемлекетінің Алматыдағы консулдығы таратқан ақпаратқа сәйкес, төрт қыз бала «/flash» тобын құрып әлемдік додаға қатысқан.

Сайыс АҚШ-тағы Силикон алқабында 7-11 тамыз аралығында болған. Technovation-2017 саммиті шеңберінде өткен дүниежүзілік питчингте (жобаны қорғау) әлемдегі 100-ден астам топ қатысып, тек алты топ Technovation-2017 саммитінде жобаларын қорғау мүмкіндігіне ие болды.   «/flash» тобының қыздары Алматыдағы технологиялық және инновациялық хаб - MakerspaceAlmaty-да өздерінің жетекшілерімен бірге жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған «QamCare» атты мобильдік қосымшаны зерттеп, дамытып, бағдарламасын жазды.  QamCare мобильдік қосымшасы жасөспірімдерге өздерінің GPS координаттарын төтенше жағдайда өз туыстарына жіберуге мүмкіндік береді.

QamCare - қазақ тіліндегі Qamqor сөзінің негізін алған. Қазақстандық қыздар Үндістан, Армения, Кения және де басқа да қазақстандық топпен сайысқа түсті», - деді АҚШ консулдығының өкілі Гаухар Мұқаман. Қазақстанға Technovation жобасын АҚШ мемлекеттік департаментінің TechWomen бағдарламысының түлегі Диана Цой 2016 жылы әкелді. Алматыдағы Makerspace үйлестірушісі және де америкалық «Open World 2016» алмасу бағдарламасының түлегі Азиза Ибрагим «/flash» тобына жетекшілік етті. Айта кету керек, қазақстандық екінші топ GoWaCo  қайта өңдеу бойынша білім беру қосымшасымен үздік алтылықтан көрінді.

Пікір жазу