Гостиницы в Алматы
2017-08-11 12:44:59 108 0

АЛМАТЫДА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ҮЛКЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТЕДІ

Алматыда қала күніне орай 19-20 тамызда «Медеу» мұз айдынында алғашқы халықаралық «Star of Asia» музыкалық фестивалі өтеді.. Азияның түрлі бағыттағы танымал орындаушылары хип-хоптан бастап, классиканы, r'n'b дан инди-попты және рокты ұсынып, алматылықтар үшін нағыз музыкалық мереке жасайды. Форматы бойынша мүлдем жаңа фестиваль болып табылатын Star of Asia» «Азия даусы» музыкалық байқауының дәстүрлі жалғасындай. «Медеу» биік мұз айдынына Қытайдың, Түркияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Индияның және басқа шетелдердің танымал әншілері келеді. Олдардың арасында оңтүстік кореялық «U-KISS» К-рор тобы, Индияның әншісі Sanah Moidutty, түрік жұлдызы Murat Boz бар. Екі күн ішінде шетелдік артистермен бірге МузАРТ, Кайрат Нұртас, Айкын, Әли Окапов және басқа қазақтандық орындаушылар да өнер көрсетеді

Билеттерді «Kassir.kz», Тикетон cайттарынан алуға болады. 7 тамыздан бастап «Меломан» желісі мен Республика сарайының кассаларына фестиваль билеттері түсе бастайды. 10 тамыздан «Chocoflife.me» сайтында билеттер сатыла бастайды.

Пікір жазу