2014 жылдың ең көп табысқа жеткен жұлдыздарының рейтингі анықталды. Бұл туралы forbes.kz сайты жариялады. Ендеше табысты жұлдыздарымызды түгелдеп көрейік
Көш басын кәсіпқой бокстан ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Геннадий Головкин бастады. Геннадий биылғы жылы 4 кездесу өткізген. Отандасымыз төрт кездесу қорытындысы бойынша, бір жыл ішінде 2,550 миллион АҚШ доллары көлемінде табысқа кенелген.
2. Әнші Қайрат Нұртас. Қайрат биыл алғаш рет Алматы қаласында «Еркелеп елге ән арнай» атты 3D-концертін берді. Сондай-ақ, Астана қаласында ауқымды концерт өткізді. Сонымен EMA 2014 байқауында «Үздік орындаушы» номинациясына ие болған Қайрат Нұртастың жылдық табысы 2,5 млн. долларды құрайды.
3. Продюсер, актриса Баян Есентаева. Биыл Баян Есентаева «Осторожно корова» фильміне басты рөлге түсті. Жақында жаңадан Жанар Дұғалова, «КешЮ», Ерке Есмаханның қатарына «Лашын» атты жаңа жобасын қосты. Сонымен қатар күзде «Махаббатым жүрегімде» атты 12 сериалық фильмі жарық көрді. Осының бәрі Баянға 850 мың доллар табыс әкелді.
4. Қазақтың талантты әнші жігіттерінің бірі Айқын Төлепберген. Биыл әнші «Асылым» атты жаңа үнтаспасының презентациясын жасады. Айқынның бір жылдық табысы шамамен 720 мың долларды құрайды.
5. Әнші Дильназ Ахмадиева. Әнші «Embassy of the Mass Effect Universe" href="http://cityadspix.com/tsclick-EBQRILTK-VRMIQUYF?url=http%3A//www.enter.ru/product/electronics/igra-dlya-pc-mass-effect-2060401002513&sa=1002&bt=20&pt=9<=2&tl=3&im=Mjc3NS0wLTE0MTc4NDQ3MTgtMTM1NzkzNjA%3D&fid=NDQ2MjkzOTQ1&prdct=3a0b380633093e0530&kw=of%20Art%C2%BB" target="_blank">of Art» продюсерлік орталығына басшылық етеді. Сонымен қатар «Some Toir» жобасы бар. Әнші жаңа жылға дейін қазақ, орыс, ағылшын тілінде ал, көктемге дейін ұйғыр тіліндегі альбом шығару жоспарлап отыр. Дильназ биыл үш жаңа бейнебаян түсірді. Сонымен Дильназдың табысы 768 мың долларды құрады.
6. Алуа Қонарова продюсерлік ететін «Rin’Go» тобы. Биыл «Толғау» атты әніне бейнебаян түсірді. Сонымен қатар «Астана жұлдызы» байқауында «Үздік жігіттер тобы» номинациясына ие болды. 2014 жылы «Rin’Go» тобы 702 мың доллар табыс тапқан.
7. Әнші Luina 400 мың доллар шамасында табыс тапқан. Әнші Али Оқаповпен, Ресейлік «Район Моей Мечты» тобымен дуетте ән жазды.
8. Фигурист Денис Тен. Денис биыл Сочиде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Жеңісі үшін елде Chevrolet Cruze автокөлігі мен жаңа пәтердің кілті табыс етілген. Сондай-ақ, «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен Денистің табысы 243 мың доллар шамасында.
9. «KeshYou» тобы. Баян Есентаеваның үздік жобаларының бірі. Биыл бұл топ «Астана жұлдызы» байқауында «Үздік қыздар тобы» номинациясына ие болды және «Келші жаныма», «Ризамын» атты әндеріне бейнебаян түсірді. Ал, жылдық табыстары 500 мың долларды құрайды.
10. Әнші Мақпал Исабекова. Мақпал 2014 жылдың қазан айында прокатқа шыққан «Загнанная» фильмінде басты рөлде ойнады. Сондай-ақ, төрт жаңа бейнебаян түсірді. Әншінің табысы 300 мың долларды құрады.
11. Әнші, жүргізуші Әли Оқапов. Жаз айында Әли «Арманға» атты жаңа үнтаспасының тұсауын кесті. Қазір «Хабар» арнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасын жүргізіп жүр. Сонымен қатар, жас әнші Роза Мұқатаеваның музыкалық продюсері. Әнші бір жыл көлемінде 288 мың доллар табыс тапқан.
12. Шоумен, тележүргізуші Ринат Сафаргулов. Ринат «Зажги на миллион» және «Еще не вечер» бағдарламаларында жүргізуші ретінде кең танылды. Қазір Ринат жетінші арнадағы «Boom» шоуының және көптеген жиындарда жүргізуші. Шоуменнің бір жыл көлеміндегі табысы 845 мың доллар.
13. Ерекше дауыс иесі Бүркіт. Әнші жары Аишамен «Бәрі жақсы болады» әніне бейнеклип түсірді. Табысы 1.080 млн доллар.
14. «Вокзалда қауышқан қыз» әнімен танымал болған әнші Серік Ибрагимов. Серіктің хит әніне түсірген бейнебаянын Youtube-та 350 мың адам көрген. Әнші 270 мың доллар көлемінде табыс тапқан.
15. «Орда» тобы. Биыл «Жауап бер» әніне бейнебаян түсірді және EMA 2014 байқауында «Үздік жігіттер тобы» номинациясына ие болды. Жылдық қорытынды бойынша табыстары 275 мың долларды құраған.
16. Продюсер Алуа Қонарова. Қазір Алуа «RinGo», «Ayumi», «Juniors» топтарына продюсерлік етеді. Продюсердің бір жылдық табысы 1,276 млн доллар.
17. "Do-Mi-No" тобы. EMA байқауында «Жылдың үздік тобы» номинациясына ие болды. 2014 жылы топтың қоржыны «Лови дыхание мое» және «My love» бейнебаянымен толықты. Жылдық табыстары шамамен 384 мың доллар.
18. «All Davay» тобы. Биылғы жылы жігіттер әнші Анастасия Россошанскаямен «Скажи» атты әніне бейнебаян түсірді. Сонымен қатар Coca-Cola мен SsangYon жарнамаларына түсті. Топтың жылдық табысы 660 мың доллар.
19. Белгілі әнші Нұрлан Абдуллин. Абдуллин «Парыз» қайырымдылық фондының және «Семь нот», «Автокруиз» баспа үйлерінің президенті. Биыл әнші Элямен «Я и ты» әніне бейнебаян түсірді және Kimex дүкендер желісінің жарнамасына түсті. Осының бәрі әншіге 1,9 млн доллар табыс әкелген.
20. Актер, режиссер, продюсер Нұртас Адамбаев. «Nurtas Production» продюсерлік орталығының басшысы және желтоқсан айында «Келинка Сабина» атты фильмі прокатқа шықты. Табысы шамамен 480 мың долларды құрайды.
21. Ерекше стильді әнші Лидо. Әнші «Орда» тобының «Жауап бер» атты бейнебаянына түсті және өзінің «Я тебя рисую» атты әніне бейнеклип түсірді. Лидоның жылдық табысы 384 мың доллар.
22. Атақты «Mysterions» тобы. Жігіттер биыл екі жаңа бейнебаяндарын көрермендерге ұсынды. Оның бірі «Арай» тобымен бірге «Қарағым – ай» атты әніне түсірілген. «Mysterions» тобы қайырымдылықпен белсенді айналысады. Сонымен топтың бір жылдық табысы 220 мың доллар.
23. Продюсер, тележүргізуші, арт- директор Адиль Лиян. Адиль Hit Tv арнасының директор және Muz Zone арнасының жүргізушісі болып жұмыс жасаған. Сонымен қатар SuperStar KZ, X-Factor бағдарламаларын жүргізген. 2014 жылдан бастап НТК арнасының продюсері және «Ревю» бағдарламасының жүргізушісі. Адиль тағы мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі іс – шараларды өткізетін «A+1» продюсерлік орталығының арт – директоры. Адильдің табысы 299 мың долларды құрайды.
24. Тележүргізуші, актриса, модель Екатерина Краснова. Атақты тележүргізуші Екатерина Muz Zone және НТК арналарында жұмыс істейді. NS радиосында «Вкус любви» кешкі бағдарламасын жүргізеді. «Городские легенды», «Честь офицера», «Гейзеры» сериалдарына түскен. Екатеринаның жылдық табысы 215 мың доллар.
25. Клипмейкер Ален Ниязбеков. Ален «Niyazbekov Production» компаниясының басшысы. Осы уақытқа дейін Ален еліміздің атақты әншілеріне алпысқа жуық бейнебаян түсірген. 2014 жылы 24 бейнеклип түсірген. Әрбір клиптің бағасы шамамен 7 мың доллар. Жылдық табысы 240 мың доллар.

Пікірлер