Гостиницы в Алматы
2014-08-09 14:19:57 996 0

1. Breitling

 

1884 жылы Леон Брайтлингтің өзінің сағат шеберханасын ашқан болатын. Breitling швейцарлық брендінің тарихы осы уақыттан басталды. Қазір «Breitling компаниясы жасаған» деген сөз тіркесі – нағыз жоғары сапа мен сенімділіктің белгісін білдіреді.

Бірінші кезекте Breitling хронографтар үшін өзінің жеке механизмдерін әзірлейтінін атап кеткен жөн. Шығарылатын сағаттардың сапасын бақылау арнайы ашылған Breitling Chronométrie зауытында жүзеге асырылады. Әрбір сағат үлгісінің тетігін арнайы компьютерлік бағдарлама және зауыт қызметкерлері жеке тексереді. Breitling дизайны high-end стилінде жасалады: ірі циферблат, ірі белдікшелер. Пайдалануға беру алдында әрбір бөлшек ең қолайсыз жағдайларда сынақтан өтеді. Бұл сағаттардың «нағыз кәсібилерге арналған» деген атауға ие болуы бекер емес. Оларды көптеген авиациялық компаниялардың сатып алуға құштар.

2. Omega

Omega компаниясы 1848 жылы Швейцариядағы Ла Шо-де-Фон қаласында құрылған. 165 жыл бойы бұл брендтің сағаттары ең жоғары сапа белісі болып саналады.  Omega 1900 және 1906 жылдары Парижде және Миланда және басқа да көптеген елдерде әлемдік марапаттарға ие болған тарихы бай компания. 1936 жылы Omega сағаты Кью-Теддингтонда 100 ықтимал ұпайдан 97,8 ұпай жинап, дәлдік бойынша рекорд жасады. Бұл рекордты осы күнге дейін бірде бір сағат компаниясы жаңарта алмады. Бренд тағы осындай байқауларда 92 рет жеңіске жеткен. Omega компаниясының инновациялық зерттеулерінің бірі - бұл коаксиалды калибрлер. Олар – сағат өнеріндегі революциялық қадам болып саналады. Оған қоса Ceragold технологиясы, керамика мен Liquidmetal® құйындысы компания өнімдерін ерекшелейді. Брендтің аңызға айналған бірнеше топтамаларын атап кеткен жөн. Omega Speedmaster - 1970 жылы ғарышкер Базза Олдриннің қолында болып, ғарыш сынағынан өткен сағат. Сондай-ақ Omega алғашқы  су өткізбейтін «Marine» сағатын шығарды. 1995 жылдан бастап бұл сағаттар Джеймс Бонд туралы фильмдермен байланыстыра айтылып жүрді. Себебі ол Omega Seamaster Quartz Professional және Omega Seamaster Professional Chronometer сағаттарын тағып түскен болатын. Салтанатты De Ville топтамасына ерекше назар аударған жөн, өйткені ол, сөзсіз, ең қатал және талап қойғыш клиенттердің көңілінен шығады. Жоғары бағасы бұйымның сапасын ақтайды. De Ville топтамасы шектеулі, небәрі 699 данасы шығарылған.

 

3. Longines

Longines - қазіргі кездегі ең әдемі, атақты және эксклюзивті сағат брендтерінің бірі. 2007 жылы өзінің 140 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл марка сағат жасау өнерінің дамуына қосқан өз еңбегімен бүкіл әлемге бұрыннан танымал болып келген. Сағат киімнің қалтасынан жайлап білекке көше бастаған кезде, Longines фирмасы 1905 жылы бірінші болып қол сағаттарының сериялы өндірісін шығара бастады. Longines спорт әлеміне алғашқы рет 1912 жылы Базельдегі Федералды дене шынықтыру мерекесі кезінде келді. Осы ынтымақтастық нәтижесінде әлемде алғашқы рет автоматты уақытты тіркеу пайдаланылды: Longines 80 метрге жүгіру уақытын электр механикалық жүйе арқылы өлшеді. Бұл оқиға Longines пен спорт әлемінің ынтымақтастығына жол ашты.

Әрбір жасалған Longines сағаттарының үлгісі – бұл жаңа дизайнерлік көзқарас мен технологиялық инновация. Көптеген үлгілері спортқа бағытталған. Longines компаниясы олимпиада және көліктер жарысы, атап айтқанда Formula 1 сияқты спорт шараларының демеушісі және ресми өкілі болып саналады. Сонымен қатар компания Ferrari автокөліктері өндірушісімен тығыз ынтымақтастықта. Әр үлгі өз бетінше ерекше, бірақ оларды уақытты асқан дәлдікпен көрсететін мінсіз сенімді швейцарлық механизм біріктіреді. Спортқа жақын, әрқашан стильді өмір сүргісі келетіндер үшін нағыз таңдау!

Атақты брендтердің топтамаларымен Esentai Mall  орталығына келіп, танысып, эксклюзивті сағаттарды сатып алуға болады. Мінсіз талғамыңызды білдіретін өнімдерді таңдап беретін білікті мамандар жасайтын бұл дүкендерді  аралап,  көптеген үлгілерді салыстырып және киіп көре аласыз. Кәсіби оқудан өткен сатушылардан жеке кеңес алуға да болады.

 

Пікір жазу