Гостиницы в Алматы
2017-06-05 11:49:41 21 0

Қазақстандық ескекшілер, ағайынды Тимофей мен Сергей Емельяновтар Сербия астанасында өткен байдарка мен каноэде есу бойынша Әлем Кубогының үшінші кезеңінде қола медаль жеңіп алды.

Сайысқа әлемнің 57 елінен спортшылар қатысқан. Бірінші орынды Польша спортшылары Томаш Барняк пен Виктор Глазунов иеленген. Күміс жүлдені молдовалық Илие Спринчан мен Олег Нута жеңіп алды. Бұл жайында inform.kz мәлімдеді.

"Қазақстан құрамасының үздік нәтижесін оңтүстікқазақстандық ескекшілер - су спорты түрлері бойынша спорттық мектептің тәрбиеленушілері, ағайынды Тимофей мен Сергей Емельяновтар көрсетті. Олар 500 метрлік қашықтықтағы каноэ-екілік сайысына қатысып, қола медальдар жеңіп алды», - деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық байдарка мен каноэде есу федерациясының президенті Денис Жарменов.

Пікір жазу