Гостиницы в Алматы
2017-06-06 12:36:03 471 0

Әйгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” телеарнасының басшысы қызметінен кетті. Енді оның орнын Жанар Шәмел басты.

Бұл туралы Арман Сқабылұлы өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.“Балапанның” басшысы ауысып, Лəйлə Сұлтанқызының орнына Жанар Шәмел ханым келіпті. Бұл ауыс-түйістен де көп үміт күтеміз. Сонымен атқа мінгендерді құттықтап, түскендерге сабыр тілейміз”, – деп жазды автор.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі тұңғыш балаларға арналған «Балапан» телеарнасы 2010 жылдың 27 қыркүйегінде құрылған болатын. Ал Ләйлә Сұлтанқызы 2012 жылдың 4 мамырынан бастап аталмыш телеарнаны басқарды.

Пікір жазу