6 тамыз күні «EXPO 2017 Football Cup» сайысы аясында Елордадағы «Астана Арена» стадионында әлемнің үздік футболшылары шеберлік сыныптарын өткізеді. Бұл жайында ҚазАқпарат мәлімдеді.Ұйымдастырушылардың бірі Әлия Адамбаеваның айтуынша, шеберлік сабағына Қазақстанның түкпір-түкпірінен футболмен айналысатын 300-ге жуық бала қатысады. Қатысушылардың арасында балалар үйінен де келетіндер бар. «Балаларды «EXPO 2017 Football Cup» сайысына қатысатын әр команданың екі ойыншысы жаттықтырады.
Нәтижесінде, желтоқсанда, яғни 6 тамыз күні әлемге танылған 12 футболшы балаларды даярлайды. Әр үйретушінің өзінің міндеті бар: мәселен, олардың бірі допты қалай беру керектігін үйретсе, екіншісі соққы жасау, тағы сол секілді әдістерді үйретеді», - дейді ол. Ұйымдастырушының сөзіне сүйенсек, балалар бір жаттықтырушыдан екіншісіне ауысып тұратын болады. Шеберлік сыныптарында жаттықтыратын футболшылардың тізімі дүйсенбі күні белгілі болмақ.