Гостиницы в Алматы
2017-05-24 12:43:34 818 0

Осыдан бірнеше күн бұрын желіде Артур Төлеповтың сүйіктісіне ұсыныс жасағаны жайлы ақпарат тарап кеткен еді. Көпшілік түрлі пікір білдіріп, әншіге бақыт тілегенімен, бұл ақпарат жалған болып шықты.

Әнші бұл жайында «Ревю» бағдарламасында айтып берді. Артур бағдарлама барысында: «Бұл интернет желісінде жүрген белгілі бір бағдарламаға арналған сюжет болатын. Барлығы ойлап қалған екен, Артур үйленіп жатыр деп. Бұл интернеттің күші, бұл жалған ақпарат», – деді.

Алайда, Артур жеке өміріндегі жаңалықтардан гөрі, бүгінде шығармашылығын шыңдауды жөн деп шешкен. Жақында «Асықтым» деген бейнебаянының тұсауын кескен, ол өзінің сырын осы арқылы жеткізіпті.

«Асықтым! Кімге асықтым? Әрине, өзімнің екінші жартымды, өмірлік жарымды табуға асығыс танытқан түрім бар. Жасым 26-да, енді үйдегілер айтып жатыр. Өзімнің осыдан 4-5 жыл бұрын әзілдегенім бар еді, Эксподан кейін үйленемін деп… Сол Экспо да жақындап қалған екен», – дейді Артур өз сөзінде.

Пікір жазу