Гостиницы в Алматы
2017-05-27 10:11:43 43 0

АҚШ-тың Флорида штатында өнер көрсеткен қазақ боксшысы Жанқош Тұраров (21-0-0, 14 KO) мексикалық боксшы Густаво Гарибаймен (13-8-2, 5 KO) жұдырықтасып, жеңіске жетті.

3 раундқа созылған жекпе-жек барысында, Жанхоштың соққысынан мексикалық боксшы есеңгіреп қалды. Төртінші раундта төреші ойынды тоқтатып, нәтижесінде Жанқош Тұраров техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осыған дейінгі 14 кездесуін мерзімінен бұрын тәмамдаған жерлесіміздің бұл 21-ші жеңісі.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіби бокс кеші Флорида штатындағы «Бока-Ратон» спорт кешенінде өтіп жатыр. Жекпе-жекті «Қазақстан» және Kazsport арналары көрсетуде.

Пікір жазу