Гостиницы в Алматы
2017-05-18 15:47:58 46 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев актер, кино және театр режиссері Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Актер 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР Халық әртісі, КСРО Халық әртісі атақтарымен қатар «Құрмет» орденінің иегері.

19633 жылдан бері М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрының актері және режиссері.

Естеріңізге сала кетсек, Асанәлі Әшімов жақында ғана өзінің 80 жылыдқ мерейтойын атап өткен болатын.

Пікір жазу