Анасының туған сіңлісі, продюсер Бағым Мұхитденованы туған күнімен құттықтаған Аша оның өзінің өнеріне сіңірген өлшеусіз еңбегін атап өтті. Актриса әрі әнші өнер әлеміне деген махаббатын оятқан әпкесіне зор алғыс айтты.
«Мен 15 жаста болғанда сіз мені «Сана» тобында ән айтуға шақырдыңыз. Одан кейін вокал, хореография, сольфеджио мен шоу-бизнес өкілдерімен алғашқы танысулар. «Орда», «Дауыс International» топтары мен Айгүл Иманбаевамен таныстым. Одан кейін сіз продюсерлік еткен «Жұлдыздар империясы» жобасы. Одан кейін әкем менен жұлдыз жасағысы келді. Есіңізде ме? Тура солай айтты. Сосын сіз мені Әділ Жамбакиевпен (менің 1-продюсерім) таныстырдыңыз, осылайша Аша Матай жобасы дүниеге келді. Рахмет! Сізге зор денсаулық, әйел тыныштығы мен бақытын тілеймін! Құрметтеймін, жақсы көремін, тамсанамын, бағалаймын», – деп жазды Аша желідегі парақшасында.