Гостиницы в Алматы
2017-02-05 01:02:01 32 0

Майк Тайсон, Артуро Гатти секілді танымал спортшылардың жаттықтырушысы болған Бадди МакГирт 22 жастағы қазақстандық боксшы Фируза Шәріповаға серіктестік туралы ұсыныс жасады. 

"Менің ойымша, Фирузаның деңгейі жоғары. Жас қыз үшін жақсы төбелеседі. Бұл АҚШ-тағы әйелдер боксына дәл келеді. Ары қарай оқып, әлем чемпионы атану жолында Фирузаның мүмкіндіктері жоғары", - деді ол.

Оның айтуынша, АҚШ-та Фируза тәжірибе жинап, әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке дайындала алады.

"Мен оған кел, еңбек ет, сенімен жұмыс істеймін, бұл саған әлем чемпионы атануға мүмкіндік береді деп айттым", - дейді Бадди МакГрит.

Фируза Шәріпова - Қазақстанда қыздар арасынан шыққан алғашқы кәсіпқой боксшы. 23 ақпан күні ол Флойд Мейвезер атындағы бокс академиясында шеберлік сабағын өткізеді.

Пікір жазу