Гостиницы в Алматы
2017-02-22 14:56:21 2737 2

Бақытбек Есентаевтың адвокат Бекболат Жексейітов Today.kz басылымына сұхбат беріп, қос тараптың да жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіргенін айтып берді.

«Біз жазаны жеңілдетуді сұрай отырып, алғашқы сот инстанциясының шешімін қайта қарауды өтінеміз. Өйткені сот менің қорғалушымның әрекетін дұрыс бағаламады. Оны адам өміріне қастандық жасады деп шешті», – дейді Жексейітов.

Адвокаттың пікірінше, Есентаев «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша жазалануы тиіс.

«Біз Бақытбек Есентаевтың бұрын сотталмағанын және Есентаеваның өзінің әрекетін ескере келе, оның жазасын жеңілдетуді сұраймыз. Есентаева өз мәлімдемесінде тұрмыста бола тұра өзге ер адаммен кездесіп жүргенін мойындады. Кездесіп, опасыздық жасағанын алғашқы сот инстанциясында айтты, алайда сот оны елемеді. Осыны ескере келе, қорғалушыма бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жаза кесуін немесе шартты түрде босатуын сұраймыз. Енді барлығы жоғарғы соттың қолында», – деп атап өтті адвокат.

Жексейітовтің айтуынша, сот процессі барысында Бақытбек Есентаев болған оқиғаға әйелінің опасыздығы себеп болғанын бірнеше рет айтқан екен.

«Алғашқы сот отырысында-ақ менің қорғалушым: «Иә, оның маған опасыздық жасауы оны ұрып-соғуыма себеп болды. Алайда ол адамның аты-жөнін атамаймын, себебі оның да өз отбасы бар. Мен бұрынғы әйелімнің опасыздығы үшін оның отбасының бұзылғанын қаламаймын», – деп айтқан еді», – дейді адвокат.

Еске салайық, 10 маусымда Бақытбек Есентаев өз әйелі Баян Есентаеваны аяусыз соққыға жыққан болатын. Сол оқиғадан кейін Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейіннен Баян Есентаеваның тұрмыста болған кезде-ақ кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовпен көңіл қосқаны белгілі болды. Ал жуырда Есентаева соттан бұрынғы күйеуінің жазасын қайта қарауды өтінген еді.

Пікірлер

  • Туркияда əйел немесе еркектің опазыздығы үшін 5жылға бас бостандығынан айыратының жаңа ғана əйел бақыты бағдарламасынан есітіп,көңілім қатты түсіп ,жылап алдым.Бізде неге ондай заң жоқ?
  • Мен
    Осы талпыштын озынде жазаласа деймын.

Пікір жазу