"Өмірімде бірінші рет не дерімді білмей отырмын, министр маған қарағанда көбірек біледі деп ойлаймын, сондықтан келісетін шығармын. Барлық жаңалықтардың 20 пайызы менің есіміммен байланысты екені анық болса, оқушыларға емтихан тапсыру кем дегенде іш пыстырмайтын болар", - дейді ол.
Бұған дейін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев аталған мәселеге қатысты жауап берген болатын. Ол қазіргі таңда сайттардағы материалдардың 20 пайыз Баян Есентаеваға қатысты екенін атап өтіп, министрліктің оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға үйрету үшін продюсердің есімін пайдаланғанын жеткізген еді.
«Ол ҰБТ-ның сұрағы емес қой. Алдын ала дайындық кезінде қойылған сұрақ. Ол газеттен алынған мәтін. Біз қолданыстағы мәтінді алып отырмыз. Оны біз биылғы түлектерге береміз. Олар осы сұрақтарға жауап береді. Осылайша ҰБТ-ға дайындалады. Винокуровқа қатысты сұрақ болуы мүмкін. Ол спорт пен мәдениетке қатысты. Балалар сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді. ҰБТ-да оқушы қандай сұрақ келетіндігін білмейді ғой», - деді министр.

Пікірлер