Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Eлбасы жoлы» атты кинoэпoпeя шeт eлдeрдe дe көрсeтілe бастады деп жазады BAQ.KZ.
«Елбасы жолы» киноэпопеясының барлық бөлімдері «Қытай орталық киностудиясында» қытай тіліне аударылды. Оған осы елдегі дыбыс режиссерлерінің үздік бестігіне кіретін Цюй Вэйцзюн жетекшілік етті. Жас буынның талпынысын, жауапкершілігін және Отанға деген сүйіспеншілігі сияқты фильмнің негізгі идеясын қытай көрермендеріне барынша жеткізу үшін бас рөлдерді дыбыстауға танымал актерлер тартылды. Елбасы жолының кезекті бөлімдерін көрсету 2013 жылдан бері жыл сайынғы дәстүрге айналған.
«Мен бұл жобаны қолыма ала сала, бірінші кезекте қоңыр дауысты актер іздедім. Өйткені кейіпкер мен дыбыс берушінің дауысында алшақтық болмау керек. Барлығы сәтті шықты деп ойлаймын. Фильмді дубляждай отырып, сан мәрте қарап шықтым. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым жұмысшы кезінде-ақ экономикалық реформалар туралы тиімді ұсыныстар жасаған мықты басшы, дара туған тұлға екенін байқадым», — дейді Цюй Вэйцзюан.
Сондай-ақ, аталған фильмге Қытайлық профессорлар да жоғары бағасын берді.
«Бұл фильм мазмұнды, айтар ойы бар туынды. Маған қатты ұнады. Өте ұқыптылықпен сол дәуірдін қоғамдық ортасын, адами қатынастарын шынайы көрсете білді. Бас кейіпкеріміз, Президент Назарбаевты қарапайым азамат ретінде көрсеткенімен, оның айналасындағыларға деген ақ пейілі, анасына деген құрметі, отбасына деген жанашырлығы фильмнен айқын сезіліп тұрды, оның көшбасшылық қасиеті көпке үлгі деп ойлаймын», — дейді Бейжің шет тілдері Университетінің профессоры Ли Иннань.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS