Гостиницы в Алматы
2014-09-05 22:21:53 1447 0

Сән әлемінде болсын, қарапайым қала көшелерінде ұзын аяқты  бойжеткендердің назардан тыс қалмайтына айқын. Аяғы қысқа, бойы аласа қыздарды дұрыс көретін жігіттер де табылмас. Сондықтан болар, қыздарымыз биік өкшелі аяқ-киімді жәй табанды балеткалардан дұрыс көреді. Бірақ, бойыңызды тек аяқ киіммен ғана түземей, киімнің де көмегімен өзгертуге болады.

Ең алдымен, қандай киіммем қош айтысу керектігін айта кетейік:

  1. Бөкседе төмен орналасқан шалбар, белдемше, джинсы мен көйлектерді киюге мүлдем болмайды. Себебі, сырт көзге бөксесі төмен тігілген киімдер аяғыңызды қысқартып көрсетеді.
  2. Ұзындығы ¾ каприлерден де аулақ болғайсыз. 
  3. Тігісі мен кескіні көлденең орналасқан киімдер мен көлемді жыртықтары бар джинсы шалбарлар.

 

Киюге кеңес береміз:

  1. Шалбар үстінен киілген туника. Туника аяғыңыздың ұзындығын жасырып, сырт көзге сұңғақ етеді.
  2. Белі көтеріңкі етіп тігілген көйлектер, белдемшелер мен шалбарлар гардеробыңыздың міндетті Must have-ына айналуы  керек.
  3. Клёш шалбарлардың пошымы - аяқтың барлық кемшілігін жасыруға арнайы тігілгендей! Қисық аяқты да жасыратын қасиеті бар екенін айта кетейік.
  4. Киімдерді бір түсті гаммада үйлестіре кигеніңіз дұрыс. Мысалы, үстіңізге киген - жейде, топ, жемпір немесе блузкаңыздың реңі көкшіл болса, астыңызға киген - шалбар, белдемшеңіздің түсі көкшілге жақын болуы керек: көк, ашық көк, көгілдір, күлгін көк, т.б.с.с .
  5. Ұзын көйлектер.
  6. Аяқ киіміңізбен колготкиіңіздің (шалбар, леггинсы) түсі реңдес болса – бойшаң, сымбаттырақ көрінетініңіз сөзсіз!

 

 

Пікір жазу