Гардеробыңызда көк немесе қошқыл көк түсті киімдер (костюм, блейзер, жейде т.б) міндетті түрде болуы керек. Зерттеу жүргізген ғалымдардың айтуынша, нәзік жандылар көк түсті киім киген жігіттерге көптеу құмартады екен!
Классикалық стильді ұстанатын болсаңыз, біле жүріңіз! Жейденің түсі, костюмның түсінен ашық болуы керек, сонда сымбатты көрінесіз.
Іскер адамның негізгі гардеробы:
қошқыл көк костюм - бейресми кездесуге
күлгін түсті костюм - іскерлік кездесуге
қара түсті костюм - ресми іс-шараларға
Қыздардың 92% жігіттердің талғаммен киінуін өте маңызды деп есептейді. Сондықтан сүйіктіңізбен кездесуге дұрыс киініп барғаныңыз жөн.
Джинсы шалбарының балағын бәтеңкеге салмай сыртқа шығарып, қайырып қойсаңыз болады. Қайырылған балақтар биылғы күз-қыс маусымында сәнге айналды.
Әрине, «угги» болған жағдай балақты ішіне салуға да болады.
Бір немесе екі түймелі пиджак сымбатты етіп көрсетеді.
Блейзер дегеніміз –спорттық пиджак, ол барлық стильдегі шалбармен жарасады.
Толықтау көрінгіңіз келсе, горизонтальды сызықтары бар киім таңдаңыз.
Бойы аласа жігіттер - көлемді, кең фасонды киімдерден аулақ болғаны дұрыс. Себебі, мұндай пошымды киімдер бойды қысқартып көрсетеді.
Жейденің түсі шалбарыңыздың түсінен ашық реңкті болса, сұңғақ көрінесіз.
Жарқын түсті нәски киюден ұялмаңыз, ол биылғы маусымның басты тренді.
Торкөз жейделер - күлгін, қара түсті немесе жейдемен түстес галстукпен жарасымды келеді.
Қандай стильде киінсеңіз де - классикалық, смарт кэжуал, ресми – есіңізде болсын! Жейденің жеңі пиджактың астынан cәл шығып тұруы керек.
Броги – перфорациясы яғни түрлі оюлы тесіктері бар аяқ киім. Брогилерді классикалық шалбармен де, джинсымен де киюге болады.
Галстуктың қалыңдығы - пиджак жағасының еніне сәйкес болуы керек.
Және де, ең соңғысы және маңыздысы - киімнің өлшемі дәл болу керек. Кішкентай немесе үлкен өлшемді киімдерді киюден бас тартыңыз.