Қабаққа арналған клей. Бұл beauty-девайсты өндірушілер желім деп ашық айтпай, қабақты көтеруге арналған сұйықтық деп жарнамалауда. Қабағыңыздың орнына желімді жағып, арнайы айыр таяқшасымен көтересіз. Желім қатқан соң, екінші қабақ пайда болғандықтан, көз үлкейеді.
Жапсырма сызықтар. Қабақ жасаудың ең оңай жолы – жапсырма сызықтарды пайдалану. Оған арнайы желім де қажет емес, себебі сызықтардың өзі желімденген.Көзілдірік. Жапондық ғалымдардың таппайтыны жоқ. Қарсы алыңыздар жаңа beauty-девайс – қабақ жасайтын көзілдіріктер. Бұл көзілдіріктерді күніне 5-10 мин. киіп жүрсе жеткілікті. Көзілдіріктің арнайы нейлоннан жасалған доғасы қабақты бірнеше уақыт тіреп тұруы қажет, сонда көзді ашып-жұмғанда тірелген доғадан қабақ пайда болады. Өндірушілердің айтуынша, бұл көзілдірікке желімнің қажеті жоқ, тек уақтылы кию керек.
Аниме көздер. Склеральдық линзалар соңғы жылдары жастар арасына үлкен сұранысқа ие болып жүр. Көз қарашығын үлкейтіп көрсететін бұл линзалардың құпиясы – табиғи қарашығыңыздан біршама үлкен болуында. «Аниме көздер» эффектісін беретін линзаларды күнделікті киюге болмайды, тек елеулі шараларға ғана демесеңіз. Соңғы кездері олардың оюланған түрлері де пайда болды.
Айыр трафарет. Қабақтың орнын дұрыс анықтайтын девайс құрал. Бұл beauty-девайс қабақтың орнына желім жағуды қажет етеді.
Қыр мұрын жасайтын қыстырғыш (лангетка). Азиялықтарға тән бет құрылысының тағы бір ерекшелігі – жалпақ мұрын. Оны да түзеудің жолы табылды. Ол үшін қол астыңызда мына beauty-девайс – «лангетка» болса жеткілікті. Білікті мамандардың айтуынша, лангетканы жарты жыл көлемінде, күніне 10-15 мин. киіп жүрсеңіз жалпақ мұрын – қыр мұрынға айналады. Ол үшін мұрын сыртына, яғни терісіне май жағып(май терінің жұмсарып, тартылуына қажет) үстінен «лангетканы» кию керек.Ерін тренажеры. Ерінге арналған девайстардың ішіндегі ең тиімдісі – ерін тренажеры. Ауыз қуысының айналасында жиі пайда болатын «мұрын-ерінді» әжімнен құтылудың жолы – ерін тренажерымен жаттығу жасау. Ол тек әжімді жойып қана қоймақ, сонымен қатар ерінге әжім түсірмеудің бірден бір жолы болып табылады. Ерін пішінді тренажерды ауыз қуысына салып, күніне бірнеше минут ауызды ашып-жабу қажет.
Қасқа арналған трафарет. Кейде қасты дұрыс термей, әлек болып жатамыз. Мына beauty-девайсты пайдаланып қастың қажетсіз жерін теріп, немесе бояп ұзартуға болады.

Пікірлер