Гостиницы в Алматы
2017-01-25 01:25:12 421 0

Димаш Құдайбергеновтің Қытайда өтіп жатқан I am Singer байқауында орындаған әндерінен кейін ол жергілікті тыңдармандар арасында үлкен танымалдыққа қол жеткізді. 

Әншінің менеджері Алпамыс Шариповтің айтуынша, Димаш Құдайбергеновтің өнеріне тәнті болған Қытай елінің азаматтары қазақ тілін үйрететін курстарға жазыла бастапты. Олар қазақстандық әншінің орындауындағы әннің мағынасын түсіну үшін қазақ тілін үйренбекші екен.

Сондай-ақ, Қытайда тұратын қазақтар да қытай ұлтының өкілдері қазақша үйретуін сұрап келіп жатқандардың қарасы көп екенін айтты.

Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан  I am Singer байқауының екінші кезеңіне жолдама алды. Ол енді 28 қаңтар күні өнер көрсетеді.

Пікір жазу