Гостиницы в Алматы
2016-12-31 15:48:58 82 0

Домбырашы Андрей Фендриков Алматы метросындағы жолаушыларға арнап ән салды.

Бейнежазбаны ол Инстаграмдағы парақшасында жариялады.

“Барлығыңызға қайырлы кеш. Сіздердің күлулеріңізге аз да болса себепкер болғым келеді. Тек мені дұрыс түсініңіздер. Маған ақша ұсынудың керегі жоқ”, – деп жолаушыларға арнап сөз сөйлеген ол, өнер көрсетуін бастап кеткен.

Сондай-ақ, ол кімдердің жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алғанын сұрайды.

Андрей Фендриков өз парақшасында түрлі бейнежазбаны Ақын Ақыныч деген лақап атпен жариялап отырады. Ол осыған дейін Алматыдағы McDonalds мейрамханасына ән арнаған болатын.

Пікір жазу