Елеусіновтың айтуынша, оның АҚШ-қа қашан баратыны әзірге белгісіз. Сапар ақпанның аяғына немесе наурыздың басына жоспарланып отыр. Спортшының жаттығуына американдық мамандар жетекшілік етеді, ал бауыры, кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов пен осыған дейін Даниярды жаттықтырып келген әкесі Марат Елеусінов жанында болады.
Спортшы өзін жаттықтыратын Дерек Сантос туралы да ойымен бөлісті. "Олимпиада алдында мен АҚШ-ке барып, бұл маманның қол астында жаттыққан едім. Оның қалай баптайтынын, жігіттерге қалай қарайтынын көрдім. Тамаша жаттықтырушы, адам ретінде де жақсы тұлға. Онымен жұмыс істеу оңай болады", - дейді ол.
Данияр Елеусінов кездесулерден кейін Қазақстанға келіп тұратынын, алайда уақытының негізгі бөлігін АҚШ-та өткізетінін жеткізді. Боксшының лагері Флоридада орналасады.
25 жастағы Елеусінов Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада 69 килограмға дейінгі салмақта чемпион атанған болатын. Кәсіпқой бокста ол жартылай орта салмақта (66 килограмға дейін) өнер көрсететін болады.
Данияр Елеусіновтің кәсіпқой форматтағы алғашқы кездесуі осы жылдың мамыр айында Қытайда өтеді.