Гостиницы в Алматы
2014-11-28 03:07:02 723 0

Геннадий Головкин "2014 жылдың үздік боксшысы" атағына үміткер атанды

Американдық белгілі "Bleacher Report" басылымы биылғы жылдың ең үздік боксшысын анықтағалы отыр.

Атақты спортшымыз, отандасымыз Геннадий Головкин осы "2014 жылдың үздік боксшысы" атағына үміткер атанды. Бұл атаққа отандасымызбен қатар, филиппиндік Мэнни Пакьяо, ресейлік Сергей Ковалев, мексикалық Сауль "Канело" Альварес, америкалық Теренс Кроуфорд сынды танымал боксшылар таласады.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Геннадий Головкин үш рет шаршы алаңға көтеріліп, барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын жеңіспен аяқтаған болатын. Ең бірінші ол 1 ақпанда ганалық Осуман Адаманы тізе бүктірсе, 27 шілде күні австралиялық Дэниэл Гилмен кездесіп, 3-раундта ұрып құлатты. Головкин үшінші жекпе-жегін 18 қазан күні мексикалық Марко Антонио Рубиоға қарсы өткізіп, 2-раундта нокаутқа жіберді.

Қазірге отандасымыз Геннадий Головкин Boxing News сайтындағы дауыс беру нәтижесі бойынша 66.2 % дауыс жинап, ең жоғарғы нәтиже көрсетіп отыр. Сіздер де сілтемеге өтіп, дауыс бере аласыздар http://bleacherreport.com/articles/2280017-breaking-down-manny-pacquiaos-chances-to-win-2014-fighter-of-the-year

golovkin_1

10833854_604275663027761_1345680676_n (2)

Пікір жазу