Гостиницы в Алматы
2016-12-29 12:12:51 34 0

Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер америкалық Дэниэл Джейкобспен болатын жекпе-жекке билеттердің сатылу қарқыны күшті екенін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

"Головкин-Джейкобс кездесуіне билеттердің алдын ала сатылымының алғашқы күндері рождестволық демалыстарға түскеніне қарамастан олардың  қарқынына көңіліміз толады.  2015 жылы Головкин Madison Square Garden-де аншлаг жасаған еді, биылғы көрсеткіш одан да асып түсетін секілді. Мұның бәрі бруклиндік Дэнни Джейкобсқа халықтың қызығушылық танытуынан деп ойлаймын. «Бокс Меккесінде» болатын екі үздік орта салмақтың айқасын тағатсыздана күтудеміз", - деді Лёффлер.

Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді.

 

Пікір жазу