Гостиницы в Алматы
2016-12-29 13:31:35 1500 4

Қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов Nur.kz сайтына берген сұхбатында отандық спорттың құрып кетпеуіне қалай септігін тигізіп жүргенін және алдағы жоспарларымен бөлісті. 

— Жүретін қызыңыз бар ма? Егер жоқ болса, оның қандай болғанын қалайтын едіңіз?

— Қызым жоқ. Қызым болған күннің өзінде ол ең алдымен тәрбиелі және ұзын бойлы болуы тиіс.

— Танымал спортшылардың ішінен кіммен айқасқа шығуды армандайсыз?

— Мұхаммед Әлимен. Мен өмірімде ешкімнен нокаут алып көрген емеспін. Бірақ, Мұхаммед Әли мені нокаутқа ұшыратса, өзімді бақытты сезінер едім.

— Конор Макгрегор мен Хабиб Нұрмагамбетов? Қайсысы күшті?

— Хабиб. Ол өзінің қолынан келетін істі жасаса, міндетті түрде жеңеді.

— PlayStation-да UFC ойнайсыз ба? 

— Анда-санда ойнап тұрамын. Достарымды қатты жеңгенім сонша, олардың жылағысы келеді.

— Қай демалыс түрін жөн көресіз?

— Әр кезде әртүрлі. Әсіресе, саяхаттаумен, түнімен қыдыру ұнайды. Әрине, жағажайда да уақыт өткізгенді ұнатамын.

— "Найман" деген лақап атыңызды не үшін таңдағансың деп сұрайтындар көп пе? Лақап атыңызды болашақта өзгерту ойыңызда жоқ па?

— Өзімнің Найман руынан, Қабанбай батырдың ұрпағы екенімді мақтан тұтамын. Біз ұлы әрі батыр тайпамыз. Менің ата-бабам батырлар болған. Тіпті, Шыңғысханның өзі наймандарды құрметтеген. Менің лақап атымды өзгерткісі келетіндер алдымен мені өлтіруі керек. Онда да ештеңе өзгермейді.

— Тамақ әзірлеу қолыңыздан келе ме?

— Еркектер тамақ әзірлемеу керек деп есептеймін. Бұл әйелдердің жұмысы.

— Қазіргі заманның қаһарманы деп кімді айтар едіңіз?

— Қаһарман - ол халқына пайдасы тиетін адам. Кім халқының дамуына үлес қосып жүрсе, сол қаһарман.

— Сізді өзінше деп есептейтіндер көп. Не үшін айқастарыңыздың бәрі шуға толы түрде өтеді?

— Өйткені, мен отандық спортты құрып кетуден аман алып қалу жолдарын жасап жатырмын. Қазақстан спортын жаңа деңгейге көтердім. Сынайтындар және басқалардың пікіріне түкіргенім бар.

— Мектеп кезінде қандай болдыңыз? Бұзық балалар қатырынан болдыңыз ба?

— Мектепте бұзықтар қатарынан болмадым. Өте жуас едім. Сондай-ақ, әлсіз балаларды қорғайтын едім. Сонау бала кезімнен ұлы істер туралы ойладым.

— Не нәрседен қорқасыз?

— Өрмекші және бақадан ғана қорқамын.

— Әйелдер мен еркектердің құқығы тең болуы керек деп есептейсіз бе? Әлде әйелдер еркектерге бағынуы керек пе?

— Әйел әрқашан да еріне бағынуы керек. Тең құқықтық деген дұрыс емес. Егер менің ата-бабама осы сұрақты қойсаңыз, олар сіздің басыңызды шауып тастайтын еді.

— 2017 жылға қандай жоспарларыңыз бар?

— Алматыда Fight Nights белбеуі үшін чемпиондық кездесу өткізу, өзімнің WBK титулымды қорғаймын. Өзімнің жеке клубымды ашып, Канадаға көшіп кетемін. Жыл соңында UFC-де төбелесемін.

Пікірлер

  • Қайыркелді
    Жарайсың бауырым...! Қолдаймын..!! Жеңістен жеңіске жете бер....!!!
  • Нурбек
    Барин дурыс айттын, тек аягында канадага кошип кетем дегенин дурыс болмады. Батырлар оз елинде калып , ози сиякты батырларды шыгаруга , олар нагыз казах жане озин секилди намыскор тарбиелеу керек бауырым. Алга Бауырым!!
  • Найман бура Мукарияулы Ауез
    Ассаалаумагаликум Барша казактын мактанышым ержурек Улы НАЙМАН тайпасынын батыры бауырым тек алга Казахты Барша алемге танытады деп сенем сонау Монголиядан изги тилегим.
  • Найман бура Мукарияулы Ауез
    Ассаалаумагаликум Барша казактын мактанышым ержурек Улы НАЙМАН тайпасынын батыры бауырым тек алга Казахты Барша алемге танытады деп сенем сонау Монголиядан изги тилегим.

Пікір жазу