Гостиницы в Алматы
2017-02-05 00:12:56 41 0

WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA тұрақты чемпионы Дэниэль Джейкобсты жеңген жағдайда міндетті атағын қорғау жекпе-жегін өткізетін болады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкин-Джейкобс кездесуінің жеңімпазы мен багамдық Туреано Джонсон арасында жекпе-жек ұйымдастыратын болады.

Геннадий Головкин мен американдық Дэниэль Джейкобс арасындағы кездесу 18 наурыз күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді.

Пікір жазу