Гостиницы в Алматы
2015-05-08 18:45:18 3889 0

«Инстаграм» әлем бойынша әлеуметтік желілердің көшін бастап тұр. Бүгінде ол тек сурет салып, оқырманмен байланыс орнатудан бөлек, жарнама алаңы мен кәсіптің көзіне айналғаны ақиқат. Алғашында еңкейген қарттардың қатары көбейген желіге бүгінде еңбектеген бала да қызыға бастады. Инстаграмда мыңдаған оқырманды әп сәтте жинап алатын ол танымал өнер жұлдыздарының балалары. Осы орайда біз сіздердің сүйікті өнерпаздарыңыздың балаларының инста парақшалары жайлы аз-көп мағлұмат бере кетпекпіз!

«Анаға қарап қыз өсер». Бұл сөз Баян Есентаева мен оның қыздарына арналғандай. Танымал продюсер елдегі «инстаоқырмандары» көп жандардың көшбасшысы.

«Жұлдызды» балалар парақшасының бірінші орыны Баянның тұңғышына бұйырды.

Айсәуле Бақытбек. 235 мың оқырманды жетегіне ертіп, күн сайын фотоларын жариялайды. Шетелде білім алып жатқан Айсәуле, жоғарыда аталған мазмұндағы суреттерден бөлек, көңіл жарастырған жігітін жасырмай жариялап, айтар ойын ашық жазады. Оқырманы 600 мыңнан асып бара жатқан Баян Есентаева қызының аккаунтын өз парақшасында жиі жарнамалап тұрады.

http://instagram.com/p/yZ8agwkqBk/?taken-by=a_bakytbek

Есентаеваның кенжесі Айару Бақытбектің оқырмандарының саны 142 мың. Көпшілікке мәлім, Айару тәттілерді пісірумен әуестенеді. Бойындағы талантын танытуға инстаграмның тигізер пайдасы зор секілді. Мектеп оқушысы, қолынан шыққан өнімдерін жарнамалайтын «Ватрушки от Айарушки» деп аталатын парақшаның да иесі. Аталған инста аккаунтты 57 мың адам оқиды.

http://instagram.com/p/1sz--tFZyd/?taken-by=aiarusha

http://instagram.com/p/2Llvt9Kxt2/?taken-by=vatrushkiotaiarushki

Үшінші орында Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы студентінің парақшасын 96 мың адам оқиды. Жастайынан флейтаны серік еткен ол, қазір дизайнерлік жолды таңдады. Сондықтан да, Айжұлдыздың парақшасынан қолынан шыққан туынды, майлы бояумен салынған суреттерді көптеп кездестіруге болады.

http://instagram.com/p/2Vg6HxoDx6/?taken-by=aizhuldyz_adaibekova

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева да ұлы Асылжанның аккаунтын жиі жарнамалап тұрады. Парақшасында 13 мыңнан астам оқырман бар. Қазіргі таңда студент жігіттің аккаунтында асып-тасып бара жатқан артық сурет пен жазба аз. Тек күнделікті істейтін ісі мен жүрген жерін жариялайды. Әке көрген оқ жонар демекші, Асылхан инстаграмнан бөлек режиссура, операторлық өнерге қатты қызығады. Анасымен жүрген жерлерді, ауылын, шетел қалаларын таспаға түсіруді хоббиіне айналдырған.

http://instagram.com/p/sxGEJYvHDL/?taken-by=asek33

400 мың оқырманы бар Сәкен Майғазиевтің тұңғышы Әділет Майғазиев те инстаграмға жиі кіреді. Сүлеймен Демирел атындағы колледждің студенті, болашақ қаржыгер, бос уақытында футбол ойнағанды жақсы көреді. Колледждегі достарымен, замандастарымен түскен суреттерін жариялап тұрады. 56 адамның парақшасына жазылған Әділетті 5 мыңға жуық оқырман оқиды. Кім біледі, мүмкін Сәкен мырза да ұлының аккаунтын апта сайын жарнамалағанда жоғарыдағы замандастарынан басып озар ма еді.

http://instagram.com/p/1szD1xrFSk/?taken-by=adilet_maigazy

Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның төрт қызы да инстаграмның «гүлі». Қыздар бұл желіге тым ерте келген сияқты. Алайда, олар үнемі гастрольдік сапарлар мен түсірілімдерде жүретін ата-аналарының амандығын инстаграм арқылы онлайн бақылап отырса, Сәбит мырза мен Алтынай ханым да қыздардың әр қадамынан желі арқылы жақсы хабардар. Өнерлі отбасының перзенттері шетінен өнерлі. Ән де салады, би де билейді, керек десеңіз сән де көрсетеді, ас та әзірлейді!

http://instagram.com/p/1tKGxoC6mP/?taken-by=abdimutali_ayaulym

http://instagram.com/p/t2r8A-S250/?taken-by=semanur_sabitkyzy

http://instagram.com/p/u8OXmjNBXh/?taken-by=anyanya_abdimutali

Әнші Ақылбек Жеменейдің кенжесі, Әминаның өзінде 7 мыңға жуық оқырман бар. Байқауымызша парақшаны әкесі немесе анасы жүргізеді. Әмина көп жазбайды, тек балғын балалық шақтың тәтті үзіктері мен ата-анасымен бірге қыдырып жүрген сәттерден суреттерді жиі жариялап тұруға шебер.

http://instagram.com/p/1lGYDtFzMo/?taken-by=zhemeney_amina

Ал, ағасы Алашта бар жоғы 341-ақ оқырман бар. Ақылбектің тұңғышы танымалдылықты аса ұната бермейтін сияқты. Оған қоса өзі туралы қысқа ақпараттың орнына «Мектеп... Сабақ...» деген «салмақты» жазба қалдырыпты.

http://instagram.com/p/2GiPIqyAVC/?taken-by=ayzbay_alash

Тамара Асардың фотоға жиі түсетін адамдарының бірі, 1000-нан астам оқырманы бар ұлы Қамбар. Қайда, кіммен, не істеп жүргенін көпшілікпен бөлісетін оның инстаграмда отыратынын анасы жақсы біледі. Оған қоса Қамбар парақшасына өзіне ұнаған қымбат көліктерді көптеп жариялайды. Кейде анасын да жарнамалап қояды. Одан бөлек мектептегі достары мен ғаламтордағы салмақты жазбаларды көпшілікпен бөліседі.

http://instagram.com/p/yJ9tFgO_p7/?taken-by=kamba777111

Ал, жұлдыздарымыздың балаларының ішінде оң-солын танып, бой жеткені – әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасовтың қызы - Фарида. Бала кезінен бері өнерде өз орны бар бойжеткеннің оқырмандар саны - 66 мың. Фариданың парақшасында артық нәрсе жоқ. Сахнадағы сәттерден үзінді мен шығармашылығына қатысты жаңалықтар, өзгерістер. Жаңа әндері мен бейнебаяндарының жарнамасын жасау үшін пайдаланады.

http://instagram.com/p/2U6K2QQtIn/?taken-by=farida_zholdasova

Әлеуметтік желілер балаға түрліше тәрбие беріп қана қоймай, уақытты да ұрлайды. Бастысы ата-аналар перзенттерінің алтын уақыттарын тиімді пайдаланғанын ескере жүрсе. Әркім өз өмірінің қожайыны. Десек те, «Баланы жастан...»,- дейді дана халқымыз.

Пікір жазу