Оның сөзіне қарағанда, Головкин - жақсы жарнамаланған спортшы, ал оның қарсыластарының бәрі күш-қуаты қайтқан боксшылар болыпты.
"Өз мүмкіндігіме 100 пайыз сенемін. Жаттығу барысында сенімім тек артып келеді. Оны жеңіге жылдамдығым да, күшім де, рингтегі басымдығым да, ақылым да жетеді. Головкиннің жарнамасы жақсы жүрді. Оған қарсы әлсіз боксшылар шықты, олар нағыз орта салмақтағы спортшылар емес еді. Головкинді ең үздік боксшы дейді, алайда ол мұны әлі дәлелдеген жоқ", - деп келтіреді Джейкобстың сөзін BoxingScene.com сайты.
Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкин 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кездеседі. HBO арнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) бойынша жекпе-жекті эфирден көрсетеді. Қазақстандықтар "Қазақстан" және KazSport арналарынан көре алады.
Жеңіске жеткен жағдайда Геннадий Головкин мексикандық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін.