Сұхбат барысында Ние мырза «Singer-2017» байқауының бесінші кезеңінде Димашқа не үшін «Uptown Funk» әнін таңдағаны туралы өз пікірімен бөлісті.
«Көптеген жанкүйерлер Димаштың бесінші кезеңдегі әні оның алтыншы орынға сырғып кетуіне себеп болды, бұл ән Димашқа үйлеспейді деген пікір айтты. Димаш жас әрі талантты әнші екенін барлығы мойындап отыр. Меніңше, ол осы бәсекенің шеңберінде тек жеңіс үшін ән шырқап, өз мүмкіндігін шектеп қоймауы керек. Singer-2017 байқауы Қытайға ғана емес, Шығыс Азияның көптеген елдерінде танымал. Димаш осы сахнадан өзінің музыкадағы мүмкіндігін одан ары қарай кеңейте беруі тиіс. Сондықтан өзіне ұнаған әнді таңдап, өнердегі жаңа бағыттарын да ашып көруге тырыстық», - деді Ние мырза.
«Әр кезеңде айтатын әннің аранжировкасын дайындауға өзі толықтай қатысады және жоғары талаптар қояды. Жас болса да әр түрлі халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған тәжірибелі әнші. Музыкалық білімі де өте жоғары деңгейде. Ал Димашты тек жоғары дауыста ән айта береді деп сынайтындарға айтарым, жоғары дауыста ән салу оның туа біткен таланты, және де оның дауысының мүмкіндігі өте зор», - деді бас продюсер.
Ние мырзаның айтуына қарағанда, продюсерлік орталық Димаш арқылы қытайлық көрермендер мен жастардың музыкаға және жұлдыздарға деген түсінігін өзгертуге тырысқан. Димаштың өзгеше стилі қытайлық жастарды тек бет-әлпетке көңіл бөлетін кореялық музыка мәдениетінен алыстатуға септігін тигізген.
«Жыл соңына дейін Димаштың жеке ән альбомы жарық көреді. Одан кейін жекелеген аймақтарда жеке концерттер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Әрі қарайғы даму барысы Қазақстандағы оқуын аяқтап, ағылшын тілімен француз тілдері деңгейін жоғарылатқаннан кейін жасалады», - деп Ние мырза Димаштың алдағы жоспарлары туралы бөлісті.
Осы уақытқа дейін "Singer" жобасының алты кезеңіне қатысқан Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келе жатыр. Ол, сондай-ақ Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр. Қазақстандық әнші Қытайда танымал көлік брендінің жарнамасына да түсіп, белгілі актер Джеки Чанмен кездесіп үлгерді.
Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.