Гостиницы в Алматы
2017-06-23 15:26:10 163 0

ҚАЗАҚФИЛЬМ 2 КИНОЖОБАҒА КАСТИНГ ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Қазақфильм» киностудиясы  «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» атты жобаға актерлар арасында кастинг жариялады. Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр. Қоюшы режиссері Ақан Сатаев.

Алматы қаласында жоғарыда айтылған киножобалардың кастингі : Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «Двухпавильонник» ғимараты, үшінші қабатында өтуде.

Айта кетсек, бұл фильмдерге кастинг Қазақстанның басқа да қалаларында өтіп жатыр. Жақын күндері кастинг төмендегі қалаларда өткізілетін болады:

Павлодар қаласында – 22, 23 және 24 маусымда, Ж.Аймауытов атындағы қазақ облыстық музыкалық драмалық театры (мекен-жайы: Ломова көш, 140).

Семей қаласында – 26 және 27 маусымда, Абай атындағы қазақ облыстық музыкалық драма театры (мекен-жайы: Абай алаңы.).

Өскемен қаласында – 29 және 30 маусымда, Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры (мекен-жайы: Сәтпаев даңғ, 55).

Театр және кино актерлері бірінші болып қабылданады.

Ал кастингке қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жасы: 16 жастан жоғары ( 16 жасқа дейінгі балалар және кастингке келіп қатыса алмайтындар, casting_satai@mail.ru электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай алады: 1. Жақыннан (анфас және профиль), белге дейін және басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, көзілдіріксіз және өңделмеген фотосуреттерді; 2. Туған жылыңыз бен тұратын қалаңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, ұлтыңыз бен біліміңіз, жұмыс орны мен мамандығыңыз туралы, сонымен қатар, қандай спорт түрімен айналысатыныңыз, кинодағы тәжірибиеңіз (сериалдар мен бейнеклиптер), музыкалық немесе би өнеріңіз туралы ақпараты бар анкетаны толтырасыз.

Спорттық дене бітімді, жасыл немесе көз көзді, шаштары сарғыш адамдарды қуана қарсы аламыз!

Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамайды!

Пікір жазу