Гостиницы в Алматы
2017-08-28 12:26:19 152 0

Димаш Құдайбергенов бір күнде «Астана дауысы» және «Asian New music» фестивалдерінің жүлдесін иеленді. Бұл туралы әншінің досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шәрімов мәлім етті. Бұл жайында baq.kz хабарлады.

«Бір күнде кім екі жерден марапат алды?! Бұның өзі бір тариx! Бірінші марапат – «Астана дауысының» жүлдесі, екіншісі – «Asian New music» фестивалінің марапаты! Әрқайсы бір төбе – олжа! Жан досымды, осынау жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбек! Еңбек бәрін де жеңбек! Құтты болсын, жанкүйерлер!», - деп жазды ол instagram-дағы пақшасына.

Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, бүгін Димаштың өзі келе алмағандықтан марапаттың бірін алу бақыты күні-түні еңбек етуге бар, креативті саунд продюсер Ерланға бұйырыпты.

Ал Димаштың өзі желідегі парақшасына: «Баршаңызға рахмет. Бүгін мен «ASIA NEW SONG» халықаралық фестивалінде жеңімпаз атандым. Сіздерді қатты жақсы көремін», - деп жазды.

Пікір жазу