Гостиницы в Алматы
2017-06-26 19:03:46 35 0

Футболдан 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Черногория ұлттық құрамалары арасындағы матч 1 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап vesti.kz мәлімдеді.

Матчты "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Польша (2:2) және Румыния (0:0) құрамаларын елордада қабылдаған болатын. Ал, Дания құрамасымен (1:3) ойын Алматының Орталық стадионында өткен еді.

Пікір жазу