Олар Астана Жастар театрында және Этноауылда концерттік бағдарлама қойып, «Інжу-маржан», «Мәңгілік мұрат» дәстүрлі музыка кештерін өткізді. Ұлттық өнерімізді ұлықтап, рухани мұрамызды дәріптеу мақсатында өткен кеште қарасөздің қаймағын қалқып, сүбелі сөзді сарқыттай сақтаған, семсерін жырға суарған жыршылары мен термешілері және көмейіне бұлбұл ұялаған жезтаңдай әншілер өнер көрсетті. Олардың көшінде танымал өнер иелері Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Жәкен Омаров, Аманқос Садықов, Алма Аманжолова тұр. Сонымен қатар, Бағдат Самединова, Нұржан Жанпейісов, Мұрат Әбуғазы, Талғат Әбуғазы, Болат Бөкенов, Саят Медеуов және «Қоңыр» тобы мен «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің қатысуы дәстүрлі музыка кешінің сәнін келтіріп, көркін қыздыра түсті.
Жанды дауыста, ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен өткен концерттік іс-шараны Арқа жұрты және Астана қаласының қонақтары жылы қабылдады.