Жақында ғана «Қазақтың жігіттері» деп әндетіп, бейнебаян түсірген Ернар Айдар жол апатына душар болды.
Бұл жайында Ернар Айдардың фан парақшаларының бірінде: «Достар, бауырлар! Сәуір айының 11-нен 12-сіне қараған түні, Шымкент-Алматы тас жолында Ернар Айдар мінген көлік үлкен жол апатына ұшырады. Не себепті екені әлі белгісіз, Ернардың қазіргі жағдайы да құпия сақталып жатыр. Бар білгеніміз, қазіргі уақытта өмір үшін күресіп жатыр! Өзгеріс немесе жаңалықтарды осы парақшаға салатын боламыз. Амандығы мен саулығы үшін дұға етейік", - деп жазылған парақша жазбасында.
Ернар осыдан бір күн бұрын жолға шығып, Оңтүстік Қазақстан, Түлкібас ауданына баруы тиіс болған. Ернардың менеджері де бұл ақпаратты растаған. Бірақ, қай ауруханада, денсаулығы, жағдайы жайлы ешқандай дерек айтылмады.