Гостиницы в Алматы
2017-06-08 11:37:38 175 0

Қазақстан-Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатына арнайы келген Джеки Чан мен Димаш ән айтты.

Қытайлық актер ашылу салтанатына қонақкәде ретінде қытай тілінде «Отан» әнін айтып берді. Джеки Чан мұның патриоттық ән екенін, әрбір адам өз отанын сүю керек екендігін тілге тиек етті. Бұл жайында inform.kz мәлімдеді.

Джеки Чанның ән орындап болған соң қазақ әншісі Димаш Құдайберген сахнада «Singer» байқауында шырқаған қытайша «Күзгі мұң» әнін орындады.

Естеріңізге сала кетейік, 7 маусымда Астанада қытай киносы фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Шараның арнайы қонағы – әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытайлық актер, кинорежиссер, кинопродюсер Джеки Чан. Фестивальдің ашылуында ол “Кунг-фу йога” фильмін ұсынбақ.

Пікір жазу