Гостиницы в Алматы
2017-06-29 15:50:36 72 0

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду Конфедерация кубогының алдында екі баласы дүниеге келгенін растап, ресми хабарлады. Бұл туралы Sports.ru порталы ақпарат таратып отыр.

Кеше Роналду Ресей жерінде өтіп жатқан Конфедерация кубогының жартылай финалында Чили құрамасына қарсы кездесу өткізді. Ойынның негізгі және қосымша уақыттары 0:0 есебімен тең аяқталды. Сөйтіп, матч соңындағы пенальтиде Португалия құрамасы 3:0 есебімен жеңіліп, турнирдің финалына шыға алмады.

Сондай-ақ ол матчтан соң турнир алдында екі ұлының дүниеге келгенін хабарлады.

"Дүниеге екі ұлымның келгеніне қарамастан Ұлттық құрамамыздың Конфедерация кубогында сәтті өнер көрсетуі үшін бар күшімді салдым. Өкінішке қарай, біз алдымызға қойған мақсатты орындай алмадық. Бірақ алдағы уақытта португалиялық жанкүйерлерді әлі талай қуантамыз деп сенемін.

Маусым айының басында БАҚ сурронат ана Роналдуға егіздерді - Матео деген ұл мен Ева деген қызды дүниеге алып келгенін хабарлаған еді. Шабуылшы әлі балалардың анасы кім екенін хабарлаған жоқ. Айта кетейік, 2010 жылы Роналдудың бірінші ұлы кіші Криштиану Роналду дүниеге келген болатын.Қазіргі уақытта Роналду ресми түрде ақпан айында Париж қаласында танысқан Джиорджина Родригеспен кездеседі.

Пікір жазу