Бұған дейін Мурат Дильманов әлеуметтік желідегі парақшасында төсектің шетінде отырған ер кісі және жанында жалаңаш жатқан әйел бейнеленген карикатураны жариялаған еді. Бірақ, карикатураның еш жерінде Қыдырәлі Болманов туралы мәлімет берілмеген. Сонда да әншінің өкілі заңгер Аманбол Абеуов суретшіден сот арқылы ақша өндіріп алмақ.
"Бұл суретте бейнеленген дүниелер арқылы авторды құқықтық жауапкершілікке тартуға болады. Суретте ештеңе жазылмаса да немесе сарапшы мамандардың көмегінсіз-ақ карикатурада Қыдырәлінің бейнеленгені айдай анық көрініп тұр. Біз сонда да сарапшы мамандарға суреттерді экспертиза жасауға жібердік. Суретке қарайтын болсақ, ол жерде Қыдырәлі жалаңаш әйелдің жанында жатыр. Бізге белгілі ақпарат бойынша, ол Қарақат болуы мүмкін. Біз бұл жағдайды да кемсіту деп есептейміз. Анасын жалаңаш хәлде көрген балалары моральдік нұқсан алуы мүмкін. Ал ол Қарақат болмаған күннің өзінде, айыптауға себеп туындап тұр. Біз автордан суретті жариялаған алаңда жария түрде кешірім сұрауын талап етеміз. Бұл адамның жеке өміріне қол сұғу болып есептелінеді",-деді заңгер Аманбол Абеуов.
Әншінің ресми өкілі сурет авторынан сот арқылы қанша ақша өндіріп алатынын айтпады. Оның мәлімдеуінше, сурет авторы әншінің жеке өміріне қол сұғу арқылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-ші бабын бұзып тұр. Сондай-ақ, заңгердің айтуынша, суретшіге азаматтардың жеке өмірі мен отбасы ар-намысына қол сұғуға тыйым салған ҚР Конституциясының 18 бабын да бұзды деген айып тағылады.
Заңгер Аманбол Абеуов Қыдырәлі Болмановты осы заманның батырына теңеді.
"Біздің таныстығымызға біраз жыл болды. Мен оны өз ұлтының жағдайына бей-жай қарамайтын осы заманның батырына теңеймін",-деді заңгер.
Қыдырәлі Болманов сурет авторы Мурат Дильмановпен жеке кездескісі келетінін мәлімдеді.
Карикатура авторы Мурат Дильманов кешірім сұрамайтынын айтты.
"Картинаның не суретінде не мәтінінде кемсітушілік туралы ешқандай да мәлімет көріп тұрғаным жоқ. Құқықтық жағынан кез келген нәрсені кемсітушілік деп қабылдауға болады. Бірақ, алдымен өзіңнің моральдік зиян алғаныңды сотта дәлелдеу керек. Ол карикатураға ма әлде астына жазылған пікірге ренжіді ме соны сотта көрсетсін. Мен ешкімнен кешірім сұрамаймын",-деді Мурат Дильманов.
Желтоқсан айында әлеуметтік желіде Қыдырәлі Болмановқа ұқсайтын ер кісі бейнеленген Мурат Дильмановтың карикатурасы таралып кеткен еді.