Әнші Әли Оқапов пен директоры Ерлан Алимов ресми түрде жаңа жобаларын таныстырды.
Әнші мен директоры кеше арнайы тілшілермен кездесу өткізіп, ресми түрде жобаларының атын жариялап, бірге сұхбат берді. Кезекті жаңа жобасы бірнеше күн бұрын ғана аяқталған «Қазақстан дауысы» мегажобасының финалисі Индира Еділбаева есімді жас ару. Енді Индираның музыкалық продюсері Әли Оқапов, ал продюсері Ерлан Алимов.
Әли Оқапов: Жалпы Индирамен таныс болғанымызға 2 жылдай уақыт болды. Бір –бірімізді ортақ таныстарымыз арқылы білетінбіз. Осыдан бірнеше ай бұрын директорым Ерлан маған «жаңа жоба алайық» деп ұсыныс жасаған болатын. Содан біз ғаламтор арқылы кастинг жарияладық. Нәтижесінде 400-ге жуық хаттар мен ұсыныстар келіп түсті. Өкінішке орай көбісі дұрыс шарт бойынша жібермеген. Дұрыс хат жібергендердің ішінен Индираның хатын қабылдадық. Алғашында таң қалдым. Себебі, мен осыған дейін Индираның жеке әнші ретінде бізбен жұмыс істегісі келгендігін білген жоқпын. Ерланға "Индираны таңдаймын" деп айттым. Кейіннен кездесіп, сөйлесіп, қандай адам екенін, мінезін, жоспарларын білген соң осындай ортақ шешімге келдік.
Индира осыдан екі жыл бұрын ғана Алматыға келді. Негізі Ақтөбелік. Осыған дейін де көптеген ән байқауларға қатысып жүрген қыз. Біздің кастингтен өткенін естігенде өте қуанышты болды. Себебі, бұндай жауап күтпеген екен. Менің ойымша Индира жартылай болса да дайын әнші. Дауысының қуаттылығы, ән айту шеберлігі, музыкалық қабілеті өте биік деңгейде. Бала кезінен музыканы сүйіп өскен және қарапайымдылығы маған ұнайды. Адам ретінде адамгершілігі мол, мінезі әлі кішкентай баладай, өте сұлу. Осындай қасиеттің бәрі бір адамда жиналғаны өте қуантады. Себебі, өздеріңізде білесіздер көбісінде түрі болса ән айта алмайды, ал ән айта алса түрі келмей жатады.
Осыдан бірнеше күн бұрын ғана білесіздер «Қазақстан дауысы» жобасы аяқталып, Индира финалға дейін жетіп, 3-орын иегері атанды. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш болды. Осы жоба арқылы халықтың Индираға деген көзқарасын білдік, тексеріп алдық. Біріншіден Мадина Садуақасоваға алғысымды айтқым келеді. Мадинасыз ол финалға жетпес еді. Ал жеңімпазға келетін болсам, Бауыржанды мен мойындаймын. Ол «Қазақстан дауысы» атағына лайықты әнші.
Жобадан кейін көп әншілер жоқ болып кетіп жатады. Оның ары қарай өсуі тікелей дарынына байланысты. Осы орайда біз Индираның сахнадан кетпеуіне, жоғалмауына күш саламыз. Индираның өзінің қайталанбас дауысы бар. Ән айту шеберлігі жоғары. Бірақ бағыт жағынан әлі ештеңе айта алмаймыз. Индира жобада түрлі жанрда өз-өзін сынады. Бірақ әлі бір нақты бағытты таңдаған жоқпыз.
Алда бізде Индирамен бірге үлкен жоспарлар бар. Қазір 6-7 авторлық әндері бар. Оның екеуін мен өзім жаздым. 2-3 фотосессиясы бар. Енді бүгіннен бастап ресми түрде сұхбат бере аламыз.
Ерлан Алимов: Индираның ерекшеліктері көп. Өте әдемі, талантты, тәрбиелі қыз. Сонымен қатар, жұмысқа деген жауапкершілігі жоғары, ешқашан кешікпейді.
Мен бұрын әнші болғанмын. Сол кезден бастап продюсер болу ойымда жүрді. Қазір сол ойды жүзеге асырып жатырмын. Бірінші жобам Динара Сұлтан болды. Динарамен көптеген жұмыстар атқардық.
Алда Индирамен ең бірінші жоспар ол бейнебаян түсіру. Ән дайын тұр, тек Индираның дауысын жазу керек. Осы 1-2 аптадан кейін бейнебаянның түсірілім жұмыстары басталады. Бүгін Индираны таныстырып, алғашқы қадамымызды бастадық. Алда әлі жоспарлар көп. Индираның дауысына қарасақ, болашақта ән байқауларға баруға болады.
«Қазақстан дауысы» жобасынан кейін Индираның көптеген жанкүйерлері, тыңдаушылары бар. Біз соны жоғалтпауға тырысамыз.
Негізі Индира бізге кастинг арқылы келді. Кастингтің жарияланған себебі, кастингтің алдында бізде алдыңғы жобамыз Роза Мұқатаевамен кездесу болды. Сол кезде Роза отбасылық жағайларына байланысты, кішкентайы бар сол себепті әншілікті қоятынын жеткізді. Біз келістік. Қазір Роза әншілікті қойып, отбасымен, кішкентайымен қолы бос емес.
Индира Еділбаева: Мен кастинг арқылы өттім. Кастингтің болатынын ғаламтордан оқып, түрлі видеоларымды, суреттерімді, әндерімді жібердім. 2 аптадан кейін Ерлан телефон соқты. Әрине кастингтен өткенімде өте қуаныштымын.
Ал «Қазақстан дауысы» жобасы жайлы айтатын болсам, нәтижесіне көңілім толады. Себебі, Бауыржан өте лайықты әнші.
Жалпы ән айтуды мектепте оқып жүрген кезімнен бастадым. 7-сынып оқып жүргенімде әннен сабақ беретін мұғалімім «дауысың жақсы екен, ән айтып көрші» деп айтқан болатын, бәрі содан басталды. Университетте оқып жүргенімде де ән айтып жүретінмін. Бірақ менің музыкалық білімім жоқ. Арманым Алматыға келіп музыкалық академияда оқу болған. Алайда, отбасым ән айтқанымды қаламады. Негізгі мамандығым аудармашы. Ақтөбе қаласында жоғарғы білім алдым. Кейіннен Алматы қаласына келіп жұмыс жасадым.

Пікірлер