Гостиницы в Алматы
2017-06-29 11:06:14 50 0

Бокс аңызына айналған Майк Тайсон қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңетінін айтты.

"Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл кездесу Флойд Мейвезермен Конор МакГрегордың жекпе-жегіне қарағанда қызығырақ. Кімнің жеңетінін білмеймін, бірақ, меніңше, "Канело" тым жақсы. Мейвезер мен МакГрегордың жекпе-жегіне келер болсақ, меніңше, бұл бокс үшін жаман емес, тіпті жақсы. Конор сөзсіз жеңіледі. Флойд қаншалықты тез жеңеді деген мәселе ғана тұр", - деп келтіреді Тайсонның сөзін Globo Esporte.

 

Айта кетейік, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 16 қыркүйекте Головкин мен "Канело" жұдырықтасады.

Пікір жазу