Гостиницы в Алматы
2017-01-09 14:27:16 14 0

"Астана" футбол клубының сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович жақын арада "Валенсияға" өтетіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол Сербияның B92 басылымына берген сұхбатында айтқан.

"Валенсияның ұсынысына бірден келісімімді бердім, себебі бұл - үлкен клуб. Маған еуропалық бірнеше ірі команда ұсыныс білдірген болатын, бірақ мен "Валенсияны" таңдадым. "Астанамен" шарт жарты жылдан кейін бітеді. Бес-алты күн ішінде жаңа клубқа өтіп қалуым керек", - дейді Неманья Максимович.

Осыған дейін жартылай қорғаушыға "Бенфика", "Ювентус" қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Пікір жазу