Гостиницы в Алматы
2017-01-05 11:25:21 14 0

"Астана" және Сербия құрамасының жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичке италиялық "Ювентус" қызығушылық танытты деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ювентус" қорғаныс пен алдыңғы шепті байланыста алатын Максимович секілді орталық жартылай қорғаушы қажет. Олар бұған дейін "Зениттен" Аксель Витцельді сатып алуды көздеген. Бірақ, ол Қытай чемпионатына ауысып кетті. Сондықтан да енді сербиялық футболшыны өз қатарларында көргісі келеді. Футболшының трансфер нарығындағы құны үш миллион еуроны құрайды.

Максимовичтің астаналық клубпен келісім-шарты 2017 жылдың шілдесін аяқталады.

Пікір жазу