Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадо арасындағы келіспеушілік ісі жалғасуда. Әнші үш рет сот отырысына келмеген. Сәнгердің қорғаушысы әнші кешірім сұрамаған жағдайда үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Жадоның адвокаты "Астана" телеарнасының "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Сот бір күнде біте бермейді. Ол – ұзақ үрдіс. Біріншіден, Меруерт Түсіпбаева келе алмады. Шетелде жүр екен. Екіншіден, ол кісінің өкілі қалалық сотқа қатысады екен. Сол себепті ол кісі сұранып, отырысты басқа күнге қалдыруды өтінді… Кешірім сұрамаса, үш мың есептік көрсеткішке я болмаса үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға біздің берген арызымыз бойынша сондай",- деді Жадоның адвокаты.
Меруерт Түсіпбаева мен Жадоның арасындағы келіспеуішілік бірнеше ай бұрын басталған еді. Меруерт Түсіпбаева Жадоны кәсіби сауатсыздықта айыптаған. Жадо әншінің үстінен сотқа "маған жала жапты" деген айыппен арыз түсірген.
Бұл туралы Stan.kz, Baq.kz порталлары да жазды.

Пікірлер