Гостиницы в Алматы
2017-05-29 12:42:15 35 0

Лионель Месси мансабындағы төртінші марапатқа ие болды.

"Барселона" футболшысы  Лионель Месси 2016/2017 жылдың маусым қорытындысы бойынша "Алтын бутса" иегері атанды.

29 жастағы аргентиналық Испания чемпионатында 37 гол соғып, 74 ұпай жинады. Ал екінші орында Лиссабон ойыншысы Бас Дост тұр. Ол 34 гол соғып, 68 ұпайға ие болды. Үздік үштікті "Боруссия" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянг 31 гол соғып, 62 ұпаймен қорытындылады. Бұл жайында vesti.kz мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Месси мансабындағы төртінші марапатқа ие болды. Осылайша, аргентикалық футболшы Криштиану Роналдумен теңесті. Роналду биылғы маусымда 25 гол соққан еді.

Пікір жазу