Мадридтік "Реалдың" форварды Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында қатарынан бесінші рет үздік сұрмерген атанып, "Барселоналық" Лионель Мессиден асып түсті. 4 маусымға қарағанда түні "Реал" Кардиффте өткен финалда "Ювентус" командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Роналду Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаға 20-шы минутта доп дарытып, Чемпиондар лигасының үш финалында да гол соққан бірінші футболшы атанды.
64-ші минутта Роналду дубль жасады. 32 жастағы португал жалпы 12 доп соғып, осымен бесінші маусым турнирдің үздік бомбардирі атанды. Бұл жайында РИА Новости хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі рекорд Лионель Мессидің еншісінде еді. Ол Чемпиондар лигасының 2008/09, 2009/10, 2010/11 және 2011/12 маусымдарында үздік бомбардир атанған болатын.