Бұған дейін желіде Дәулет Тұрлыханов пен Ninety One тобының продюссері Ерболат Беделхан дауысы іспеттес аудиожазба тарап кеткен еді. Аудиожазбада өзін Тұрлыхановпын деп таныстырған дауыс иесі топты сөгіс астына алып, қазақ эстрадасынан кетуді талап етеді.
"Топтың айналасында болып жатқан істің бәрі - қастандық әрекеттер. Бұл істің артында кім тұрғанын әзірге білмейміз. Ең қызығы, Ерболат Беделханның дауысын айнытпай салыпты. Алғаш естігенімізде өз құлағымызға өзіміз сене алмадық. Соңғы уақытта топтың айналасында онсыз да әңгіме көп. Бірақ біз бәріне түсіністікпен қарауға тырысамыз. Топты да таратпаймыз. Бұл жетістікке үлкен еңбек және сабырмен жеттік. Әрі қарай да еңбектене береміз. Үндемегеніміз сахнадан кетті деген сөз емес. Алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асырып жатырмыз. Біз бір отбасымыз. Топты тарату Ерболат Беделханның жоспарына кірмейді деп ресми түрде мәлімдейміз",- деді Juz Entertainment өкілі.
Осының алдында Дәулет Тұрлыханов та желіде жарияланған видеоға қатысы жоқ екенін айтқан еді.