Гостиницы в Алматы
2017-05-29 18:21:36 88 0

«Сәт» тобының әншісі Сапарбай Алтыбай шаңырақ көтерді. Әншінің таңдауы Малика есімді қызға түскен.

Оншақты жыл бұрын сахнаға көзілдірік киіп шыққан үш зағип жігіт өз әндерімен талайлардың жүрегін елжіретіп, жылатқан еді. «Сәт» тобы бүгінде есейді. Біраз уақытқа сахнадан алыстаған топ мүшелері білімдерін шыңдап, музыкалық колледжде оқыды. Сөйтіп, кәсіби маман болып сахнаға қайта оралды. Тек алғашқыда трио болып құрылған топ бүгінде дуэт болып өнер көрсетуде. Бұл жайында stan.kz мәлімдеді.

Ештеңеге қарамастан “Сәттің” әншісі Сапарбай Алтыбай теңін тауып, бір үйдің отағасы атанды. Малика әншінің туған жеріне, ОҚО-ның Шардара қаласына келін болып түсті. Дәстүрге сай, Сапарбайдың үйінде беташар рәсімі болып өткен.

Пікір жазу