Қазақстан чемпионы және спорт шебері Бахтан Гарипуллаев 22 жаста. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күреседі.
«Қазақша күреспен 5 жастан бастап айналысып келемін. Видеодағы күресім Федерация Кубогының үшінші орнына таласқан кез еді. Жарыстарда бұл әдісті тұңғыш рет қолдандым. Оның бір атауы жоқ, бірақ ұзақ уақыт жаттықтым. Бұл әдісті жасағанда бастысы қарсыласыңа сездірмеу — күтпеген жерден жасау керек», — деді палуан.
Бахтан 2017 жылы наурызда Алматыда өтетін қазақша күрес жарысында осы әдісті қайталап көруге ниетті екенін айтты.