Гостиницы в Алматы
2017-01-11 13:42:44 130 0

Қысқы Универсиада-2017 алауын ұстаушылар белгілі болды

2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматыда өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында алау ұстаушылардың құрамы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік Қазақстан облысы

  1. Жазира Жаппарқұл

Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы, 2010 жылы өткен Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

  1. Сәлима Бейсенғалиева

    Көркем гимнастикадан спорт шеберлігіне кандидат, 1-st Vice Miss Kazakh 2015.

3.Мұқағали Жақсыбайұлы

КТК республикалық жоғары лигасында "Сырдария" университетнің командасымен қатысушы.

  1. Әбдразақова Айжан Әбдубахабқызы

    Қазақстан Республикасының каратэ-додан спорт шебері, 2012 жылы Орталық Азия чемпионы, 2013 жылы Әлем кубогының иегері.

Қызылорда облысы

  1. Өндрей Жандәулет Тыныштықбайұлы

    Қызылорда облыстық төтеше жағдайлар департаментінің бөлімше бастығы.

  2. Төреғали Төрәлиұлы Әлиханов

    Сүйінбай Аронұлы атындағы Алматы облыстық филармониясының солисі, танымал әнші, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында елімізге «Ұлы дала баласы» жобасын ұсынған.

  3. Мұхтар Мәуленұлы Ниязов

    Қызылорда қаласындағы Назарбаев мектебінің мұғалімі, айтыскер ақын. 2012 және 216 жылдары «Алтын домбыраны» иеленген.

  4. Мөлдір Берікқызы Жаңбырбай

    Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті. Қазақстан Республикасының  каратэ-додан халықаралық санаттағы спорт шебері, 2012 жылғы Жастар арасындағы әлем кубогының иегері, Әлем кубогының иегері, 2015 жылы Әлем чемпионы, 2016 жылы ересектер арасында әлем чемпионы

Алматы облысы

1.Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстан Республикасының бокстан халықаралық санаттағы спорт шебері. Азия және Әлем чемпионы. XVII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Рио-де-Жанейрода өткен ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы.

  1. Нұрмахан Тынәлиев

    Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының қола медаль иегері, XVII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Әлем және Азия чемпионы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы.

  2. Раушан Қойшыбаева

    Қазақстан Республикасының пауэрлифтингтен еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Азия чемпионы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХI жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

  3. Ибрагим Берсанов

    Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан халықаралық санаттағы спорт шебері, Әлемнің екі дүркін чемпионы.

  4. Карина Горичева

    Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан халықаралық санаттағы спорт шебері, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Ақмола облысы

1.Осипова Татьяна Андреевна

Шаңғы жарысынан халықаралық санаттағы спорт шебері, 2013 жылы Италияның Трентино қаласында өткен Дүниежүзілік қысқы Универсиада скиатлон жарысында чемпион атанып, эстафеталық жарыста қола медаль иеленген.

  1. Дастан Толыбайұлы Рақымжанов

    Каратэ киокушинкайдан қоңыр белбеу иегері. ҚР ҚК қатарында әскери борышын өтеу барысында 2-ші дәрежелі белгісімен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

  2. Данияр Рымбекұлы Аманжол

    Ақмола облыстық ІІД жол-шолғыншы полициясы батольонының  сержанты, өртеніп жатқан үйден 4 баланы анасымен бірге құтқарғаны үшін ҚР Президенті Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен, Ақмола облысы әкімінің дипломымен марапатталған.

  3. Тимур Маратұлы Искаков

    Көкшетау қалалық мәслихатының 6-шы шақырылым депутаты.

  4. Дина Жоламанқызы Жоламан

    Қыздар арасында бокстан әлем чемпионы.

Шығыс Қазақстан облысы

  1. Сухоносов Федор Андреевич

    Спорттық бағдарлаудан халықаралық жарыстардың жүлдегері, 2013 жылы Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері, Универсиада жеңімпазы әрі жүлдегері, 2015 жылғы Қазақстанның қысқы жастар ойынының жүлдегері.

  2. Кудрявцев Сергей

    Шайбалы хоккейден 2015 жылғы әлем чемпионы, 2015 жылғы Дүниежүзілік универсиаданың күміс жүлдегері.

  3. Сутягин Владислав Вительевич

    400 метрге жүгіруден жастар арасында Қазақстан чемпионы, эстафеталық жарыс пен 400 метрге жүгіруден Орталық Азия елдері халықаралық жарысының жүлдегері.

  4. Анар Ербосынқызы Жасықбаева

    «NomadMMA нұсқасы бойынша Азия жауынгері» халықаралық турнирінде 3-ші орын алған.

  5. Дамир Әкімов

    Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі, 2016 жылғы Қазақстан чемпионы, Азия чемпионаттарына қатысушы.

Маңғыстау облысы

  1. Берік Есенұлы Әбдрахманов

    Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, АРВ нұсқасы бойынша әлем чемпионы, 2012 және 2016 жылдары өткен ОЛимпиада ойындарына қатысқан.

  2. Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов

    Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі,30-шы Олимпиада ойындарының жүлдегері, 2015 жылғы Азия чемпионы.

  3. Бегзат Жалғасбайұлы Нұрдәулетов

    Жастар арасында әлем чемпионы, Германияның Брансбург қаласында өткен халықаралық турнирде бірінші орын алған.

  4. Ғабит Советбайұлы  Назарбеков

    2016 жылы волейболдан чемпион атанған.

  5. Әлберген Нұрсұлтанұлы Аманқос

    Панкратионнан әлем чемпионы.

Қостанай облысы

  1. Шлиммер Кристиане

    «Қазақстан аруы - 2016» байқауына қатысушы.

  2. Дычко Иван Федорович

    Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері.

  3. Кангаш Илья Анатольевич

    Гір көтеру спортынан 8 дүркін чемпион.

  4. Тұрсынай Тұрарқызы Қабыл

    Қазақстан Республикасының пауэрлифтингтен халықаралық санаттағы спорт шебері.

  5. Сапар Аманжолұлы Тұманов

    Кикбоксингтен әлем кубогының иегері, Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола медаль иегері.

Қарағанды облысы

  1. Абылайхан Жүсіпов

    2013 жылғы жастар арасында бокстан әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан.

  2. Жансая Ерғанатқызы Жарылғасынова

    Оқу үздігі, Қазақстан студенттері альянсының мүшесі.

  3. Чижиков Александр Александрович

    Конькимен жүгіру спортынан Қазақстанның жастар ұлттық құрамасының мүшесі.

  4. Айнұр Ермекқызы  Байкенова

    Туристік көпсайыстан ересектер арасында Қазақстан чемпионы (2016 жыл)

  5. Лисичкина Варвара Павловна

    Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Павлодар облысы

  1. Роксана Жанатқызы Оспанова

    2015 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогын иеленген, Қазақстан универсиадасының жеңімпазы.

  2. Федькович Дмитрий Алексеевич

    Спорттық акробатикадан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2013 және 2016 жылдары Азия чемпионы атанған.

  3. Зура Мұхтарқызы Қалипенова

    Жаңғы жарысынан Қазақстанның жастар құрамасының мүшесі. 2016 жылғы 6-шы қысқы республикалық универсиаданың жеңімпазы.

  4. Әлия Қаһарманқызы Төлегенова

    Жатып штанга көтеруден Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі, 2014, 2015, 2016 жылдардағы Азия чемпионы, 2016 жылғы Әлем чемпионатының күміс медаль иегері.

  5. Валиев Роман Газизович

    Жеңіл атлетші, 4 Олимпиада ойындарына қатысқан.

Атырау облысы

  1. Қайырберді Жұмасейтұлы Айдынбай

    Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Азия чемпионы, Қазақстан чемпионы.

  2. Айғаным Ғаниболатқызы Ихсанова

    Оқу үздігі. Облыстық, республикалық байқаулардың жемпазы және жүлдегері. МузАРТ Лайф жобасына қатысушы.

  3. Ерсайын Әділжанұлы Идеятов

    Карате-кекушинкаймен айналысады. Бірқатар жарыста жүлделі орындардан көрінген.

  4. Сайда Ерланқызы Қапсалықова

    Дзюдо мен самбо күрестерінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. самбодан Әлем чемпионы, Қазақстан чемпионы, қазақша күрестен Қазақстан чемпионы.

  5. Дәулет Қанатұлы Елемесов

    Ауыр атлетикадан, жауынгерлік самбодан, грэплингтен өткен жарыстарда жүлдегер болған. Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 2-ші орын алған.

Астана

  1. Мадияр Сандыбайұлы  Ибраимбеков

    Әлем чемпионатында 1-ші орын (дивизион 1B, U20) - 2015

  2. Мөлдір Ерланқызы Мекенбаева

    Бразилиялық джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы.

  3. Ұғылай Сұлтанқызы Тешабаева

    Волейболдан Еуразиялық гуманитарлық институтының қыздар құрама командасының капитаны.

  4. Динара Рамазанқызы Сәдуақасова

    Халықаралық гроссмейстер, Қазақстанның спорт шебері, Шахматтан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

  5. Данияр Маратұлы Елеусінов

    Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарында бокстан чемпион атанған.

Батыс Қазақстан облысы

  1. Ларионова Екатерина Алексеевна

    Әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері. Қазақстан Республикасының чемпионатының 16 дүркін чемпионы, 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) жазғы XXXI-шi Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

  2. Репина Полина

    Жеңіл атлетикадан Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, жеңіл атлетикадан (спорттық жүруден) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы,

  3. Шейко Георгий

    жеңіл атлетика Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, (спорттық жүруден) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ерлер арасында қысқы және жазғы Қазақстан Республикасы чемпионатының чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

  4. Ергучев Андрей Андреевич

    Байдарка мен каноэ есуден Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы

  5. Дергунов Алексей

    Байдарка мен каноэ есуден Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарынақатысушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы

Солтүстік Қазақстан облысы

  1. Заякин Руслан Сергеевич

    Тай боксынан Қазақстанның спорт шеберлігіне кандидат, 2016 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы.

  2. Райымбек Абайұлы Алпысов

    Қазақ күресінен Қазақстанның спорт шебері. 2013 жылы «Жас барыс» республикалық турнирінде 2-ші орын алған.

  3. Головин Артем Владимирович

    Гір спортынан Қазақстанның спорт шебері. 2016 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

  4. Баталов Алексей Викторович

    Армрестлингтен халықаралық санаттағы спорт шебері.  2012-2016 жылдары аралығында Азияның 5 дүркін чемпионы болған.

  5. Назгүл Маратқызы Маратова

    Дзюдодан Қазақстанның спорт шебері. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

Тараз

  1. Әйгерім Аманжолқызы Мұратәлі

    Дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Еуропа кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы, ҚР спартакиадасының жеңімпазы, Самбо күресінен ҚР чемпионатының жеңімпазы, Әлем кубогының қола жүлдегері, ҚР VIII-жазғы Универсиадасының күміс жүлдегері, Дзюдо, самбо, қазақ күрестерінен ҚР чемпионатының жеңімпазы, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі.

  2. Бейбіт Әбдрахманұлы Ыстыбаев

    Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан Барысы» республикалық турнирдің күміс белбеу иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н..Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің 3 дүркін жеңімпазы. «Еуразия Барысы» Халықаралық турнирінің екі дүркін жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

  3. Елдос Бақтыбайұлы Сметов

Дзюдодан әлем чемпионы, Азия чемпионы, ХХХІ Жазғы Олимпида ойындарының күміс жүлдегері.

  1. Олжас Көсемәліұлы Сәттібаев

    Бокстан Қарулы Күштер арасындағы Әлем чемпионы, «Астана-Арланс» кәсіпқой командасының сапында Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы, Азия чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

  2. Назгүл Жаңабекқызы Әбітаева

    ІХ облыстық Дельфий ойындарының «Фотография» аталымы бойынша І дәрежелі диплом алған. Сондай-ақ ол республикалық, халықаралық байқауларда үздік атанған.

Ақтөбе облысы

  1. Харки Фархад Ибрагимұлы

    Ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР IV жазғы спартакиадасының, 2016 жылғы ҚР чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

  2. Рустам Аманжолұлы Ибраев

    Дзю-додан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Чемпионы. «ГранПри Дюссельдорф» халықаралық турнирінде ІІІ орын, «ГранСламБаку» халықаралық турнирінде І орын алған. Дзюдодан ересектер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

  3. Алишер Нұрланұлы Сағынтаев

    Гір көтеру спортымен айланысады. Облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындардан көрінген.

  4. Айбек Борисұлы Қамзенов

    Жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ІV жазғы Қазақстан Республикасының спартакиадасында ІІ орын, ҚР ашық чемпионатында ІІ орын алған.

  5. Ринат Сансызбайұлы Сағындықов

    Каратэ-додан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, студенттер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Орталық Азия елдерінің жеңімпазы  3 дүркін Азия чемпионы және бірнеше мәрте жүлдегері атанған.

Алматы

  1. Жақсылық Үшкемпіров

    Грек-рим күресінен 1980 жылғы Олимпиада чемпионы.

  2. Ермахан Ибрайымов

    Бокстан 2000 жылғы Олимпиада чемпионы.

  3. Дәулет Тұрлыханов

    1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

  4. Назым Қызайбай

    Бокстан 2 дүркін әлем чемпионы.

  5. Баландин Дмитрий

    Жүзуден 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы.

Пікір жазу