Гостиницы в Алматы
2017-01-11 10:02:55 54 0

Головкин мен Джейкобс көз дуэлін өткізді

Қазақстандық спортшы Геннадий Головкин мен американдық Дэниэл Джейкобс көз атысып, наурызда болатын жекпе-жек алдында дуэль өткізді.

Кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы баспасөз-мәслихаты аясында өтті. Журналистер сұрағына жауап берген Головкин Джейскобстың ең қиын қарсылас болатынын атап өтті. Сондай-ақ ол жекпе-жекке байланысты болжам жасаудан бас тартты.

Екі боксшының да жаттықтырушысы кездесу уақытынан бұрын аяқталады деген пікірде екен.

Головкин мен Джейкобс мұндай "көз дуэлін" Нью-Йорк көшелерінде де жасады.

c11ie2vxuaelkkw

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Ньюк-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

 

Пікір жазу