Гостиницы в Алматы
2017-01-10 10:03:18 82 0

Универсиадаға қатысатын спортшылар үшін 100 тоннадан астам ет әзірленеді

Алматыда өтетін Универсиадаға қатысатын спортшылар үшін 100 тоннадан астам ет дайындалады. Бұл туралы шара дирекциясы хабарлады.

Халықаралық университет спорты федерациясының (FISU) талаптары бойынша атлеттерге арналған біркүндік калория нормасы (4000-4500) анықталған. Қысқы ойындарға қатысатын спортшылар мәзірін әзірлегенде осы көрсеткіш ескеріліпті.

Қатысушылардың тәуліктік нормасына ет, сүт және ұннан жасалған өнімдер кіреді. Сонымен қатар оларға түрлі сусындар ұсынылады.

Қысқы ойындар барысында 110 000 килограмм ет өнімі (қой, сиыр, жылқы, тауық және күркетауық еті), 6 100 килограмм ұн тағамдары және 60 000 килограмм сүт өнімі тамақтану орындарына жеткізіледі.

 

 

Пікір жазу