"Жұлдыз – тамаша қыз, екі жыл жұмыс істедік. Бірақ, өкінішке қарай... Бұл продюсерлік қатем болған шығар, мен де робот емеспін ғой, әлдебір батырмаға басып қалып, дәл керек адамды таңдай салатын. Ол – тамаша қыз, тәртіпті, тәрбиелі, алдына мақсат қоя алатын адам. Алайда Жұлдыз кәсіби маман ретінде толықтай көңілімізден шыға алған жоқ. Біз оған кәсіби тұрғыда өсу үшін екі жыл бердік, ол осы уақыт ішінде қолынан келгеннің бәрін істеді. Бірақ нағыз кәсіби маманға айнала алмады", - деді Баян Мақсатқызы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында.
Продюсердің айтуынша, Жұлдыз продюсерлік орталықтан кетпеген. Жақында "KeshYou" тобының экс-мүшесі актриса ретінде таныстырылады. Телехикаяға түскен. Болашақта өзін тележүргізуші ретінде сынап көрмек.
"KeshYou-ге мүше болу үшін мықты, үздіктердің үздігі, аса талантты болу керек. Жұлдыз біздің талаптарға толық сай келмеді. Мен продюсер ретінде міне-міне өзін көрсетеді деп күттім. Әрине, тағы екі жыл күтсек Жұлдыз ашылып кетер еді, бірақ оған уақыт жоқ", - деп атап өтті Баян Мақсатқызы.
Бұған дейін продюсер Ақбота Сейітмағамбеттің топтан не себепті кеткені туралы да пікір білдірген болатын.
"KeshYou" тобы жақында триодан квартетке айналған болатын. Қазір топтың жаңа құрамында Балжан Бидаш, "Лашын" тобының екі әншісі Сара Амангелді мен Элизат Берікова және "Лүпіл" ұжымының экс-мүшесі Назым Әбілдина бар.